2024 жылғы 12 қыркүйекте Жамбыл облысының прокуроры Нұрғалым Әбдіровтің төрағалығымен Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысы өткізіліп, онда діни қызмет, ұлтаралық келісім және мемлекеттік шекара саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
Үйлестіру кеңесінің жұмысына облыс әкімі Ербол Қарашөкеев қатысты.
Облыс прокуроры отырысты ашу кезінде шекара маңындағы аумақта қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуде құқық қорғау және мемлекеттік органдардың бірлескен жұмысының маңыздылығын атап өтті.
Көші-қон заңнамасының сақталуын бақылауға алу қажеттілігі ерекше назар аударылды, сондай-ақ этностардың анклавтық тұратын жерлерде арнайы топтармен жұмысының бастамасы қолдау табылды.
Жыл сайынғы бірлескен Жиынтық жоспарлар шеңберінде қабылданған ұйымдастыру шараларымен соңғы 4 жылда шекара маңы аумағының 279 жер учаскесі мемлекетке қайтарылды, шекараның 77 осал учаскесіндегі инженерлік құрылыстар салынып және қажетті жерлері жөнделді, 277 бейнебақылау камерасы орнатылды, Сыпатай батыр өткізу пунктінде жылжымалы тексеру кешенін жөндеуге 183 млн теңге бөлінді.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу кезеңінде тәркіленген және иесіз малды уақытша ұстау мәселесі шешілді.
Облыс әкімі құқық қорғау органдарының заңдылықты қамтамасыз ету бойынша жұмысын қолдап, жергілікті атқарушы органдардың осы жұмысқа тікелей қатысуын көздейтін бірқатар қосымша шараларды ұсынды.
Отырыс нәтижесі бойынша халықтың әлеуметтік мәселелерін шешуге баса назар аударатын «Бірлік пен татулық» жаңа тұжырымдамасын, сондай-ақ шекара маңындағы қылмыстардың алдын алу жөніндегі 2024-2025 жылдарға арналған Жиынтық жоспарын бекіту туралы бірлескен шешім қабылданды.
Жамбыл облысының прокуратурасы