Тараз төрінде облыстық спорт басқармасының қолдаумен,» Ұлан » спорт кешенінің ұйымдастырумен, футболдан жасөспірімдер арасында алғаш рет, банк қызметінде өлшеусіз еңбек еткен Темірлан Арзымбетовты еске алуға арналған ашық облыстық турнирі өткізілді.
Республиканың әр бөлігінен сарапқа салынатын бұл турнирді өткізу жыл сайын дәстүрге айналып келеді.Сөзіміздің айқын дәлелі, жақсының аты өлмес дегендей, Темірлан Арзымбетовты еске алып, жора-жолдастарының, өскелең ұрпақтың арасындағы ұлы есімді жоғалтпай, кейінгі келешекке аманатпен жеткізіп жүрген, осындай иті істердің касында жүрген Арзымбетовтар әулеті.
Банк қызметінде өз ісінің шеберлігін керсетіп, біліктілігі мен белсенділігінің арқасында талай жетіктікке жеткеніне куә болдық. Сұм ажалға ешімнің де төтеп бере алмасы тағы бар. Бүгінгі күнге дейін осы жерде тұрған әр адамның жүрегінен Темірлан деген ерекше есім өшкен емес, өшпейді де, мәңгілікке сақталары анық-дейді достары.
Бұл турнир-2016 жылдан бері Темірлан ағамыздың қарындасы Әлия Арзымбетованың ұйымдастырумен Республика көлемінде, облыс көлемінде, банк қызметкерлері, жора-жолдастары арасында дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді.
Турнир барысында Темірлан Арзымбетовтың інісі -Нұрлан және қарындасы Әлия Арзымбетова сөз сөйлеп бауырлары жайлы жақсы естеліктермен бөлісті.
Сонымен қатар, осындай турнир, айтыскер ақындар арасында да, халықаралық денгейде өткізілді.
2022 жыл балалар жылына және Темірлан Арзымбетовты еске алуға арналған футболдан ашық облыстық турнирде үздік атанғандар және жарыс нәтижесі:
1-орын — №5 спорт мектебі «Ұлан-2010»
2-орын -«№3 спорт мектебі»
3-орын- «Тараз футбол клубы»
Үздік атанғандар:
Үздік қақпашы Мейірхан Димаш «Ұлан-2010»
Үздік қорғаушы Айдар Жан «Шымкент қаласы»
Үздік жартылай қорғаушы Дулатбек Алинұр «ФК Тараз»
Үздік шабулшы Мейірхан Санжар «№3 спорт мектебі»
Үздік ойыншы Шухратов Расул «Ұлан -2010»
Үздік бапкер Салиходжаев Дильшод «Ұлан-2010»