Атап айтқанда, ауру 21 жастағы Тараз қаласының жүкті тұрғынынан анықталды, оған жоспарлы ауруханаға жатқызу кезінде тексерулер жүргізілген.
Сондай-ақ, облыс орталығының 1963 жылы туған тұрғынына да осы диагноз қойылды. Жүрек-тамыр жүйесінің ауруына байланысты әйел жоспарлы түрде ауруханаға жатқызылған.
Қордай ауданында 1985 жылы туған, жүк көлігінің жүргізушісі болып жұмыс жасайтын Өзбекстан азаматынан да коронавирус табылды. «Қарасу» бекетінде мемлекеттік шекарадан өту кезінде алынған талдаулар қорытындысы оң нәтиже көрсеткен.
Ағымдағы жылдың 30 мамырдағы жағдай бойынша Жамбыл облысының аумағында 380 коронавирустық инфекция тіркелді, олардың ішінде Тараз қаласында – 217 жағдай, Байзақ ауданында — 35, Жамбыл ауданында — 11, Жуалы ауданында – 1, Қордай ауданында — 48, Рысқұлов ауданында – 8, Меркі ауданында — 7, Мойынқұм ауданында — 1, Талас ауданында – 13, Шу ауданында — 7.
Сондай-ақ, Дели — Тараз рейсінен алты оқиға, Теңіз вахталық кентінен келген жұмысшылар арасында 26 оқиға анықталды.
Барлық індет жұқтырғандардң 196-сы сауығып, дәрігерлердің бақылауындағы үй карантиніне шығарылды.