Биыл екінші жыл қатарынан ұйымдастырылған іс-шараға 300-ге жуық қыз-келіншек қатысуда. Мақсат отбасы институтын нығайту, әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту болып табылады.
🔹Форумға облыстан және аудандағы белсенді кәсіпкерлер мен бизнес тренерлер шақырылды. Қазіргі таңда аудандық тарихи-өлкетану музейінде әйел азаматшаларға арналған үш панельдік сессия өтуде. Сессияда спикерлер “Кәсіп — береке көзі”, “Бизнес бастауы — даму жолы”, “Іскер әйелдерге — кең өріс” тақырыбын қозғауда.
🔹Форум сағат 11.30-да аудандық Мәдениет үйінде мерекелік концертпен түйінделетін болады.