29 тамыз Жамбыл облысындағы жарылыстарға байланысты Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев твиттерде мәлімдеді.
«Жамбыл облысының Байзақ ауданында адам өліміне әкеп соққан қайғылы оқиғаға байланысты 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаймын. Қаза тапқан әскери қызметкерлер мен құтқарушылар шынайы ерлік пен қайсарлық танытты. Олар халықтың жадында мәңгі қалады», — деп жазды Тоқаев.
Еске сала кетейік, 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде 19.00 шамасында қоймалардың жанында өрт шығып, жарылыстар орын алған болатын.