Халықаралық балаларды қорғау күніне орай 2025 жылғы 1 маусымда Жетісу ауданында «Jetisu Fest» атты ауқымды мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Шара көпшілікке таныс демалыс орны – «Құлагер» арбатында өтті.
Іс-шараға Жетісу ауданындағы балаларға арналған демалыс орталықтарының тәрбиеленушілері қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Балалар ән айтып, би билеп, көрермендерге ерекше көңіл күй сыйлады.
Сонымен қатар, балалардың шығармашылық дамуына үлес қосып жүрген демалыс орталықтарының жетекшілері мен мұғалімдері Жетісу ауданы әкімінің орынбасары Данияр Әлкебайұлының атынан алғыс хаттармен марапатталды.
Шара аясында түрлі конкурстар мен ойындар ұйымдастырылып, балалар мен ата-аналарға шат-шадыман мерекелік атмосфера сыйланды.
«Jetisu Fest» — өнер мен тәрбиені ұштастыра білген, балалар мен ата-аналарға қуаныш пен жарқын әсер сыйлаған маңызды мәдени шара болды.