Конгресс-орталық алаңында Сауда және интеграция мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің отырыстары өтті.
2023 жылға арналған бюджеттің атқарылуы, атқарылған жұмыс және 2024 жылға арналған жоспарлар туралы аппарат басшысының міндетін атқарушы, Сауда, Тұтынушылардың құқықтарын қорғау, Техникалық реттеу және метрология комитеттерінің төрағалары баяндама жасады.
Сауда Комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабековтың айтуынша, 2023 жылы ішкі тауар айналымы 20,5%-ға ұлғайып, 61 трлн. теңгені құрады. Саудаға салынған инвестициялар көлемі 46,4%-ға өсіп, 489,8 млрд. теңгені құрады. Қазіргі заманғы сауда форматтарының үлесі 33%-ға дейін оның ішінде 19 базарды жаңғырту, сауда орталықтары мен сақтау инфрақұрылымы салу есебінен ұлғайтылды. Министрлік үшін белгіленген салаға инвестициялар тарту жоспары 3,8%-ға асыра орындалды.
Сауда комитеті 2023 жылы нормашығармашылық саласында үлкен жұмыс атқарды. Әкімшілік реформалар, ең алдымен, дүкен сөрелеріне тауарларға қол жеткізу үшін жағдай жасауға және саудаға қатысушылар үшін ашық және тең жағдайларды қамтамасыз етуге бағытталған.
Өңірлік комиссиялардың жұмысын үйлестіру, сондай-ақ Сауда комитеті тарапынан күнделікті мониторинг жүргізу арқылы жергілікті атқарушы органдардың ӘМАТ бағаларының өсуіне жедел ден қою үрдісі қалыптасты.
Отырыста қатысушылар Сауда комитетінің базасында өзекті мәселелерді талқылау бойынша жұмыс тобын құру туралы шешім қабылдады.
Сондай-ақ, 2023 жылғы жұмыс нәтижелері мен ағымдағы жоспарлар туралы ҚР СИМ-нің Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Қуаныш Елікбаев айтып берді.
Ол құс еті мен оны қайта өңдеу өнімдеріне, құрылыс материалдарына, шоколадқа, тамақ өнімдеріндегі антибиотиктердің құрамына жаңа талаптар енгізілгенін, жоғары вольтты жабдыққа ұлттық талаптар дайындалғанын, стандарттау жөніндегі жұмыстарды үйлестіру тәртібі қабылданғанын хабарлады.
«Біз, шын мәнінде, қысқа мерзімде техникалық реттеудің алғашқы интеграцияланған мемлекеттік ақпараттық жүйесін құрдық. Ол барлық компоненттерді – барлық тізілімдерді, метрологияны, аккредиттеуді және т.б. біріктірді, оны одан әрі жетілдіру мен дамыту пайдаланушылардың ыңғайлылығына, жүйенің ашықтығын арттыруға және сыбайлас жемқорлық факторларын азайтуға бағытталатын болады», — деп Қуаныш Елікбаев атап өтті.
Іс-шаралар шеңберінде Министрліктің «QazExpoCongress «ҰК» АҚ, «QazTrade» ССДО» АҚ, «ҚазСтандарт» РМК және «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК сияқты ведомстволық бағынысты ұйымдарының баяндамалары тыңдалды.
Өз сөзінде «QazExpoCongress» Ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Аллен Чайжунусов компания дамуының негізгі бағыттары туралы айтты. Бұл сервистік қызметтерді коммерцияландыруды, конгресс-көрме іс-шараларын өткізуді және халықаралық іс-шараларға қатысуды, Болашақ энергиясы мұражайының жұмыс істеуін қамтамасыз етуді, компанияның тұрақты дамуын қоса алғанда, объектілер мен мүлікті басқару.
«Компанияның қызметіне әсер еткен пандемиялық шектеулерге қарамастан, біз соңғы үш жыл ішінде қарызсыз шығынсыз шыға алдық. Өткен жылы компания өзін-өзі ақтауға шықты және республикалық бюджеттен субсидиялаудан толығымен бас тартты. Осылайша, іскерлік кешеннің барлық объектілері мен аумақтарын ұстау бюджет қаражатын тартпай ұлттық компания есебінен жүзеге асырылады», – деп Аллен Чайжунусов атап өтті.
Баяндамалардың қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес мүшелері барлық сұрақтарға жауап алды. Қоғамдық кеңестің жаңа бастамалары мен ұсыныстарын талқылау жұмыс топтары және одан әрі бірлескен жұмыс шеңберінде де жалғастырылатын болады.