• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

2022 жылғы 12 шілдеде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті

12.07.2022
0
2022 жылғы 12 шілдеде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті
341
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

2022 жылғы 12 шілдеде Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 2022 жылғы 24 тамызға тағайындалған Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауды ұйымдастыру және өткізу мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті.

Отырыс барысында күн тәртібіндегі үш мәселе қаралды:

1) «2022 жылғы 24 тамызға тағайындалған Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы»;

2) «2022 жылғы 24 тамызға тағайындалған Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау құжаттарының кейбір нысандарын бекіту туралы»;

3) «2022 жылғы 24 тамызға тағайындалған Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мөлшерлерін белгілеу туралы».

Отырысты аша отырып, ОСК Төрағасы Нұрлан Әбдіров Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 11 шілдедегі Жарлығымен Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау 2022 жылғы 24 тамызға тағайындалғанын атап өтті.

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Сенатты Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының әр облысынан, республикалық маңызы бар қаласынан және астанасынан екі адамнан өкілдік ететін депутаттар құрайды.

Сенат депутаттарын жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы таңдаушылар – мәслихаттар депутаттары сайлайды, оларды өз кезегінде жалпы сайлауда Қазақстан Республикасының азаматтары сайлайды.

Парламент Сенаты депутаттарының сайлауын ұйымдастыру мен өткізуді Орталық сайлау комиссиясы басқарады. Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары өңірлерде Парламент Сенаты депутаттарының сайлауын дайындауды және өткізуді қамтамасыз етеді.

Күн тәртібінің бірінші және екінші мәселелері бойынша Ортсайлауком Төрағасының орынбасары Константин Петров баяндама жасады.

Баяндамашының мәліметі бойынша, «ҚР Сайлау туралы» Конституциялық заңның 83-бабына сәйкес Сенат депутаттарының кезектен тыс сайлауы осы Конституциялық заңда Сенат депутаттарының кезекті сайлауы үшін белгіленген қағидаларға сәйкес өткізіледі. Бұл ретте сайлау іс-шараларын өткізу мерзімдерін Орталық сайлау комиссиясы айқындайды.

Үш облыстың әрқайсысынан 2 депутат сайланады: олардың біреуі – 2017 жылғы 28 маусымда сайланған депутаттардың өкілеттік мерзіміне; екіншісі – 2020 жылғы 12 тамызда сайланған депутаттардың өкілеттік мерзіміне сайланады.

Конституцияға сәйкес, отыз жасқа толған және ел аумағында соңғы он жылда және тиісті облыс аумағында кемінде үш жыл тұрақты тұрып жатқан Қазақстан Республикасының азаматы Парламент Сенатының депутаты бола алады. Сонымен қатар, үміткердің жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс өтілі болуы керек.

Сот әрекетке қабілетсіз деп таныған азаматтардың сайлауға және сайлануға құқығы жоқ.

Соттылығы заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған адам, сондай-ақ заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәсін сот таныған адам Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат бола алмайды.

Отырыста Ортсайлауком 2022 жылғы 24 тамызға тағайындалған Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекітті.

Күнтізбелік жоспарға сәйкес сайлау науқанының келесі кезеңдері анықталды:

  • Кандидаттарды ұсыну– 2022 жылғы 13 шілдеден бастап 30 шілде сағат 18-ге дейін.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидатты ұсынуды мәслихаттар, сондай-ақ өзін-өзі ұсыну тәртібімен жүзеге асырады.

Сенат депутаттығына кандидат облыс мәслихаттарының өкiлдерi болып табылатын таңдаушылардың жалпы санының кемiнде он процентiнiң қолдауына, бiрақ бiр мәслихаттан таңдаушылар дауысының жиырма бес процентiнен аспайтын даусына ие болуға тиiс.

Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттың Қазақстан Республикасының Конституциясында және сайлау туралы Конституциялық заңда қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтауды облыстың сайлау комиссиясы қажетті құжаттарды алғаннан кейін үш күн ішінде жүзеге асырады.

  • Тіркеу– 2022 жылғы 3 тамыз сағат 18.00-ге дейін.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарды тіркеуді облыстық, қалалық немесе аудандық мәслихаттың депутаттыққа кандидат етіп ұсыну туралы шешімі (мәслихат ұсынған жағдайда); депутаттыққа кандидат болып дауысқа түсуге келісімі (ниеті) туралы өтініші; тиісті сайлау комиссиясының кандидатты қолдап қойған таңдаушылардың қолдарын тексеру нәтижелері туралы хаттамасы; кандидаттың өмірбаяндық деректері; кандидаттың және оның жұбайының (зайыбының) активтері мен міндеттемелері туралы декларациялар тапсырғаны туралы мемлекеттік кіріс органының анықтамасы; кандидаттың 900 000 теңге көлеміндегі сайлау жарнасын енгізгенін куәландыратын құжат болған кезде облыстық сайлау комиссиялары жүзеге асырады.

Егер сайлау қорытындылары бойынша кандидат Парламент Сенатының депутаты болып сайланған немесе дауыс беру қорытындылары бойынша кандидат дауыс беруге қатысқан таңдаушылар даусының кемінде бес пайызын алған жағдайларда, сондай-ақ кандидат қайтыс болған жағдайда енгізілген жарна кандидатқа қайтарылады. Қалған барлық жағдайларда енгізілген жарна қайтарылуға жатпайды және республикалық бюджет кірісіне алынады.

  • Сайлау алдындағы үгіт– 2022 жылғы 3 тамыз сағат 18.00-ден бастап 23 тамыз сағат 00.00-ге дейін.
  • Тыныштық күні– 2022 жылғы 23 тамыз.
  • Дауыс беру күні– 2022 жылғы 24 тамыз.

Сенат депутаты сайлауындағы дауыстарды санау нәтижелері дауыс беруге арналған пунктте өткізілетін тиісті сайлау комиссиясының отырысында белгіленеді.

Сенат депутатын сайлау бойынша дауыстарды санау хаттамасы таңдаушылардың бірлескен отырысында жария етіледі және сайлау күнінен бастап екі күннен аспайтын мерзімде – 2022 жылғы 25 тамызда Ортсайлаукомға жіберіледі.

Парламент Сенаты депутаттарын сайлау қорытындыларын Ортсайлауком сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімнен кешіктірмей белгілейді.

Екінші мәселе бойынша Константин Петров ОСК мүшелерінің қарауына «2022 жылғы 24 тамызға тағайындалған Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау құжаттарының кейбір нысандарын бекіту туралы» қаулы жобасын ұсынды. Жобаны қарау қорытындысы бойынша қаулыны ОСК мүшелері бірауыздан қабылдады.

Қаулымен сайлау құжаттарының мынадай нысандары бекітілді:

1) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау бойынша дауыс беруге арналған бюллетень;

2) Республика Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау жөніндегі дауыстарды санау нәтижелері туралы сайлау комиссиясының хаттамасы;

3) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауында дауыстарды санау нәтижелері туралы хабарлама.

Отырыстың үшінші мәселесі бойынша Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сабила Мұстафина баяндама жасады. Баяндамашының мәліметі бойынша, сайлау заңнамасына сәйкес мемлекет кандидаттарға өз бағдарламаларымен бұқаралық ақпарат құралдарына шығу үшін тең қаражат бөлінуіне кепілдік береді. Кандидаттарға бұқаралық ақпарат құралдарына шығу үшін қаражат бөлу тәртібі мен көлемін Орталық сайлау комиссиясы айқындайды.

Жоғарыда баяндалғандарға байланысты Ортсайлауком «2022 жылғы 24 тамызға тағайындалған Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мөлшерлерін белгілеу туралы» қаулы қабылдады.

Қаулыда кандидаттың: теледидар мен радио бойынша бағдарламаларымен сөз сөйлеуіне, сондай-ақ мерзімді баспа басылымдарында 2 мақала жариялауға — 350 000 теңге сомасында; сайлау алдындағы жария іс-шараларды өткізуге және үгіт материалдарын шығаруға — 70 000 теңге сомасында; көлік шығыстарына — 80 000 теңге сомасында шығыстар мөлшері белгіленген.

 

Дереккөз-https://abai.kz/post/154570 

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Жамбылдық шаруалар Алматы облысында тәжірибе алмасты

Жамбылдық шаруалар Алматы облысында тәжірибе алмасты

20.06.2025
Бектенов қазақ-қытай келісімдерін жүзеге асыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Бектенов қазақ-қытай келісімдерін жүзеге асыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді

20.06.2025
«Jas Kenes Siyligi» байқауына өтінімдерді қабылдау басталды

«Jas Kenes Siyligi» байқауына өтінімдерді қабылдау басталды

20.06.2025
Наурызбай ауданында «Наурызбай Fest» мерекелік фестивалі өтті

Наурызбай ауданында «Наурызбай Fest» мерекелік фестивалі өтті

20.06.2025
«Кешірім бермесең, өзіңді соттаймыз»: Көкпардан кейінгі қантөгіс

«Кешірім бермесең, өзіңді соттаймыз»: Көкпардан кейінгі қантөгіс

20.06.2025
Байбектің құрбысы: Бұрынғы судья Светлана Жолманова 10 жылға сотталды

Байбектің құрбысы: Бұрынғы судья Светлана Жолманова 10 жылға сотталды

19.06.2025
Халық денсаулығы жайлы статистикалық жинақ әзірленді — ДСМ

Халық денсаулығы жайлы статистикалық жинақ әзірленді — ДСМ

19.06.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты