Кеше Тараз қаласындағы Баласағүн мәдениет сарайында Жамбыл облысы бойынша 2021 жылы мемлекеттік наградалармен марапаттау рәсімі өтті. Рәсімнің қонағы болып ҚР Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев қатысты.
Жамбыл облыстық мәслихатының 2021 жылғы 25 қарашадағы №11-6 шешіміне сәйкес, «ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ келесі азаматтарға берілсін:
АБЫЛҒАЗИНА Жұмакүл Дәулетқызы |
– |
еңбек ардагері, «Аллергоорталық» орталығының дәрігер-аллергологы |
АЙМАҒАНБЕТОВ Бекет Иманұлы |
– |
Қостанай облыстық полиция департаментінің бастығы |
ДАЙРАБАЕВ Жигули Молдақалықұлы |
– |
«Қазақстан фермерлерінің Қауымдастығы» Заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер қауымдастық нысандағы бірлестігі Басқармасының төрағасы |
ЖАҚАНОВІлия |
– |
Композитор, жазушы публицист, Қазақстан мен Қырғыз Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (келе алмады, емделуде) |
МЕШІТБАЕВА Сәуле |
– |
қоғам қайраткері, «QAZAQSTAN DAUIRI» газетінің бас директоры, «Ел ана» қоғамдық қорының президенті, ҚР Журналистер одағының мүшесі |
TURANINFO.KZ