2017 жылдың бірінші жартыжылдығында облыс соттарына 1 519 қылмыстық істер түскен
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингке қылмыстық істер және азаматтық істер жөніндегі сот алқаларының төрағалары Нұрмұхаммат Абидов және Жомарт Рүстембеков, Жамбыл облыстық сотының судьялары Гүлнәр Сыздықова мен Меирхан Атибеков қатысып, сот төрелігін жүзеге асыру бойынша 2017 жылдың 1 жарты жылдығында атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне хабардар етті.
Н.Абидов өз баяндамасында, 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында облыс соттарына қарауға1 519 қылмыстық істер (есептік кезеңнің басындағы бітпеген істердің қалдығы– 88 істі қоса алғанда) түскен.
Олардың ішінде үкім шығарылумен 787 қылмыстық істер 915 тұлғаға қатысты қаралған, 495 қылмыстық істер 548 тұлғаға қатысты қысқартылған. Барлық сотталғандар 889 тұлға, олардың ішінде нақты бас бостандығынан айырылғандар 270тұлға (30,4%), шартты бас бостандығынан айырылғандар – 70 тұлға (7,9%), бас бостандығынан айырылудан бөлек, жазаның басқа да түрлеріне – 490тұлға (55,1%), жазадан босатылуға (ҚР ҚК 65-68 баптарын қолданып) – 8 тұлға, рақымшылық бойынша жазадан – 51 тұлға босатылған.
Барлық ақталғандар 26 тұлға (үкімшығарылған 915 тұлғағ ақатысты тұлғалардың жалпы санынан 2,8%). 188 қылмыстық істер медиация тәртібімен тоқтатылған.
Ж.Рүстембеков 2017 жылдың 6 айында 16325 азаматтық істер өндірісі мен аяқталған, олардың ішінде шешім шығарылумен 8 628 азаматтық істер қаралған, олардың ішінде апелляциалық тәртіпте – 20 шешім немесе 0,2 % бұзылған, 35 сот актілері немесе 0,4% өзгертілген. 776 азаматтық істер немесе 4,8% медиация тәртібімен тоқтатылған, 89 азаматтық іс бітімгершілік келісімімен қаралды, партисипативтік келісімімен 7 азаматтық іс қаралды, ол қаралған істердің санының 0,04%-ын құрайды.
2017 жылдың 6 айында облыс соттары мен 6 634 әкімшілік істер 6 634 тұлғаға қатысты қаралған, олардың ішінде апелляциалық тәртіпте – 5 шешім немесе 0,07 % бұзылған, 5 сот актілері немесе 0,07% өзгертілген.
БАҚ-пен өзара үйлестіруші – судья Г.Сыздықова 2017 жылдың 1 жартыжылдығындағы Жамбыл облысы соттарымен ақпараттық саясатты жүзеге асыру бойынша қорытындыны мәлімдеді.
М.Атибеков «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу» мәселесі бойынша мәлімет берді.
Журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып судьялар сот өндірісінде жаңа технологияларды қолданудағы міндеттерді орындау мәселелері және Елбасының «100 нақты қадам» Жоспарындағы бес институционалдық реформаны жүзеге асырудың барысы туралы хабардар етті.