• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

16 өңірден жиналған 700-ге жуық мемлекеттік қызметші үздіктерді анықтайды

14.07.2022
0
16 өңірден жиналған 700-ге жуық мемлекеттік қызметші үздіктерді анықтайды
183
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Бүгін Петропавл қаласындағы Орталық алаңда бұқаралық спортты дамытуға бағытталған республикалық Спартакиада басталды. Енді апта аяғына дейін жергілікті атқарушы орган қызметкерлері шағын футбол, волейбол, қазақ күресі, үстел теннисі, суда жүзу, тоғызқұмалақ пен бильярдтан кім мықтыны анықтайды. Ал 16 өңірден келген қатысушы саны 700-ге жуық. Осы тұста жуырда құрылған Алматы облысының қызметкерлері «Қонаев командасы» болып алғашқы кешенді жарысқа қатысып жатқанын айта кету керек.

Спартакиадаға келген жергілікті органдағы мемлекеттік қызметкерлер арасында қатардағы сарапшылар мен ауылдық округ әкімдерінен бастап басқарма басшылары, баспасөз хатшылары, облыс әкімінің орынбасарлары бар. Мәселен, БҚО әкімінің орынбасары Тілепберген Қаюпов волейболдан өз командасының намысын қорғамақ. Дәл осылай ұшпа допты серік еткендер арасында Жамбыл облысындағы Жуалы ауданы, Нұрлыкент ауылдық округ әкімінің орынбасары Бақытжан Назарды, Түркістан облысы Көлік бақылау ннспекциясының басшысы Ербол Сырғабековті, Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Рүстем Қырықбаевты атап өтуге болады.

Ал жуырда құрылған Жетісу облысындағы Спорт басқармасының басшысы Алмат Үшкемпіров, Ақтөбе облысы Спорт және дене шынықтыру басқармасының басшысы Евгений Гончаров, Алматы облысындағы Ескелді ауданы әкімінің орынбасары, Жандос Жолдыханов, сондай-ақ, грек-рим күресінен Азия чемпионы, қазір Өскемен қаласы Дене шынықтыру, спорт және туризм бөлімінің басшысы Ербол Қоңыратов жасыл алаңда футбол ойнайды.

Сонымен қатар Шымкент қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Бекен Қоныс, Шымкент қаласындағы Әл-Фараби ауданы әкімінің орынбасары Алдияр Мұсаев тас таяқтан (бильярд) шеберлік байқасады.
Қызылжарлық өнерпаздардың концертінен кейін командалар шеруі болды. Ашылу рәсімінде сөз алған Спортты дамыту дирекциясы директорының орынбасары Азамат Имашев Спартакиада әр облыс пен қаладағы мемлекеттік қызметкерлердің байланысын арттыратынына тоқталды.

«Осы кешенді жарыстың бәрі бұқаралық спортты дамыту үшін, халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау үшін істеліп жатыр. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев әр жолдауында осы тақырыптарға тоқталып, бақылауында ұстап келеді. Ал дені сау азамат ұлт болашағының кепілі екенін білеміз.
Осы Спартакиадаға біраз облыстағы спорт және дене шынықтыру басқармасының басшысы бақ сынау үшін келіп отыр. Яғни, басшылар өздері үлгі болып, өзге қызметкерді спортқа тартып жатыр деген сөз. Бұл құптарлық қадам. Осы үшін Сіздерге алғыс айтамын.

Сөз соңында осы жарысты жоғары деңгейде ұйымдастырып жатқан Солтүстік Қазақстан облысына ерекше алғыс айтқым келеді. Ойындар өңір тұрғындарының спортқа деген қызығушылығын одан бетер оятады деген сенімдеміз. Ал барлық қатысушыға сайыста сәттілік тілеймін!»,-деп айтты Азамат Имашев.
Ал СҚО әкімінің орынбасары Ғани Нығметов облыстың бұл Спартакиадаға 2 айдан бері тыңғылықты дайындалғанын айтып, барыша жоғары деңгейде өткізуге тырысатындарын жеткізді.

Айта кетейік, әр спорт түрі бойынша командалар ұпайға ие болады. Ал Спартакиада соңында барлық ұпай қосылып, жеңімпаз бен жүлдегерлер анықталады. Жалпы есепте топ жарған өңір мен 2-ші және 3-ші орын иегерлеріне Кубок пен грамота табысталады.

Бұл Спартакиаданың мақсаты – өңірлердегі мемлекеттік қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, оларды спортқа тарту, спорттың бұқаралық сипат алуына жағдай жасау. Ұйымдастырушы – ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті.
Естеріңізге сала кетейік, жергілікті атқарушы орган қызметкерлерінің Спартакиадасы 17 шілдеде аяқталады.

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Жамбылдық шаруалар Алматы облысында тәжірибе алмасты

Жамбылдық шаруалар Алматы облысында тәжірибе алмасты

20.06.2025
Бектенов қазақ-қытай келісімдерін жүзеге асыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Бектенов қазақ-қытай келісімдерін жүзеге асыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді

20.06.2025
«Jas Kenes Siyligi» байқауына өтінімдерді қабылдау басталды

«Jas Kenes Siyligi» байқауына өтінімдерді қабылдау басталды

20.06.2025
Наурызбай ауданында «Наурызбай Fest» мерекелік фестивалі өтті

Наурызбай ауданында «Наурызбай Fest» мерекелік фестивалі өтті

20.06.2025
«Кешірім бермесең, өзіңді соттаймыз»: Көкпардан кейінгі қантөгіс

«Кешірім бермесең, өзіңді соттаймыз»: Көкпардан кейінгі қантөгіс

20.06.2025
Байбектің құрбысы: Бұрынғы судья Светлана Жолманова 10 жылға сотталды

Байбектің құрбысы: Бұрынғы судья Светлана Жолманова 10 жылға сотталды

19.06.2025
Халық денсаулығы жайлы статистикалық жинақ әзірленді — ДСМ

Халық денсаулығы жайлы статистикалық жинақ әзірленді — ДСМ

19.06.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский