Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Неили Муликова мәлім етті.
Жамбыл облысында 1 қазаннан бастап тұмауға қарсы егу жұмыстары жүргізілуде, жергілікті бюджет қаражаты есебінен тәуекел топтарын егуге 123 мың доза, сонымен қатар жұмыс берушілер есебінен 2861 доза тұмауға қарсы вакцина сатып алынды.
Бүгінгі күнге 120 мыңнан астам облыс тұрғындары екпе алды, оның ішінде 14 жасқа дейінгі 47 мыңнан астам бала, 4 мың жүкті әйелдер, созылмалы аурулармен ауыратын 50 мыңнан аса тұлға және 13 мың медицина қызметкерлері екпемен қамтылды.
Өңірлік коммуникациялар қызметі