Әлеуметтік желілерді пайдаланушылар мен барлық азаматтарды ресми көздерден алынған сенімді ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз.
ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті 11 жастағы қыздарды АПВ-ға қарсы вакцинациялауды енгізу ағымдағы жылдың қыркүйек айында жоспарланғанын хабарлайды. АПВ вакцинациясы үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен сертификатталған және тиімділігі мен қауіпсіздігін дәлелдеген «Мерк Шарп және Доум» (АҚШ) компаниясы шығарған 4 валентті «Гардасил» вакцинасы қолданылады.
Қазақстанда жыл сайын жатыр мойны обырының 1900-ге жуық жаңа жағдайы немесе күн сайын 5 жаңа жағдай тіркеледі, жыл сайын 600-ден астам әйел осы патологиядан қайтыс болады немесе күн сайын 2 әйел қайтыс болады. Бүгінгі таңда АПВ алдын алудың және жатыр мойны обырының дамуының жалғыз әдісі – вакцинация.
АПВ-ға қарсы вакцинаны Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстанды қоса алғанда 135 мемлекет өздерінің ұлттық иммундау бағдарламаларына енгізді.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі