• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
15.09.2026, 02:00
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

1,1 млн теңге жалақы: Қазақстанда ең сұранысқа ие мамандықтар аталды

Ең көп жұмысшы қажет салалар белгілі болды.

Алина Мейірбекқызы Алина Мейірбекқызы
06.08.2026, 15:38
Қазақстан жаңалықтары
1,1 млн теңге жалақы: Қазақстанда ең сұранысқа ие мамандықтар аталды
19
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

2026 жылдың шілде айында Қазақстанның еңбек нарығында жұмыс іздеушілер саны артты. Enbek.kz Электрондық еңбек биржасының мәліметінше, бір ай ішінде жұмыс берушілер104,6 мың бос жұмыс орнын жарияласа, жұмыс іздеушілер 141,2 мың түйіндемеорналастырған.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратынша, маусым айымен салыстырғанда бос жұмыс орындарының саны 3,8%-ға азайғанымен, түйіндемелер саны 11,5%-ға көбейген. Мамандар мұны жаз мезгіліндегі маусымдық үрдіспен байланыстырады. Бұл кезеңде жоғары және техникалық оқу орындарының түлектері еңбек нарығына белсенді шығып, жұмыс іздеушілер қатары артады.

Ең көп қызметкер қай салаларға қажет?

Шілде айында жұмыс күшіне ең жоғары сұраныс білім беру саласында тіркелді. Бұл бағытта 23,4 мың бос жұмыс орны ұсынылған.

Сондай-ақ жұмыс берушілер тарапынан келесі салаларда сұраныс жоғары болды:

  • қызмет көрсету саласы – 16 мыңбос жұмыс орны;
  • денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету – 10,3 мың;
  • ауыл, орман және балық шаруашылығы – 8,2 мың;
  • өңдеу өнеркәсібі – 6,8 мың;
  • құрылыс саласы – 5,7 мыңбос жұмыс орны.

Қай өңірлерде бос жұмыс орны көп?

Өңірлік бөліністе ең көп вакансия Астана қаласында жарияланған. Елордада бір ай ішінде 8,8 мыңбос жұмыс орны ұсынылды.

Одан кейінгі орындарда:

  • Түркістан облысы – 7,6 мың;
  • Павлодар облысы – 7,1 мың;
  • Алматы қаласы – 7 мың;
  • Ақмола облысы – 6,9 мыңбос жұмыс орны.

Жұмыс берушілер қандай мамандарды іздейді?

Жұмыс берушілердің негізгі сұранысы орта деңгейдегі біліктілігі бар мамандарға бағытталған. Мұндай бос жұмыс орындары барлық ұсыныстың 38,8%-ынқұрады.

Төмен біліктілікті қажет ететін жұмыстардың үлесі 30,7%, ал жоғары білікті мамандарға арналған вакансиялар 30,5%болды.

Жұмыс іздеушілердің жартысынан көбі – жастар

Шілде айында Enbek.kz платформасында жарияланған 141,2 мыңтүйіндеменің 54%-ын 35 жасқа дейінгі азаматтарорналастырған. Бұл жаз мезгілінде оқу орындарының түлектері еңбек нарығына жаппай шығуымен түсіндіріледі.

Ал қалған жас санаттары мынадай:

  • 35-44 жас – 25%;
  • 45-54 жас – 14%;
  • 55 жастан жоғары – 7%.

Гендерлік көрсеткіш бойынша түйіндемелердің 57%-ын әйелдер, 43%-ын ерлержариялаған.

Жұмыс іздеушілердің біліктілік құрылымы да еңбек нарығындағы сұранысқа жақын болды. Орта және жоғары білікті мамандардың әрқайсысының үлесі 38%-дан, ал төмен біліктілікті жұмыс іздеушілердің үлесі 24%-дықұрады.

Ең жоғары жалақы қандай мамандықтарға ұсынылды?

Шілде айында жұмыс берушілер ең жоғары жалақыны бағдарламалық қамтамасыз ету архитекторы лауазымына ұсынған. Бұл қызмет бойынша ұсынылған еңбекақы шамамен 1,12 миллион теңгеніқұрады.

Одан кейін:

  • ұшу қауіпсіздігі жөніндегі инженер-инспектор – шамамен 910 мың теңге;
  • маркетинг және өнімді өткізу бөлімінің бастығының орынбасары – шамамен 900 мың теңге.

Ал жұмыс іздеушілер арасында ең жоғары жалақы күткендер:

  • ұшқыштар – шамамен 2,39 миллион теңге;
  • стюардессалар – 1,43 миллион теңге;
  • электр станциясының бастығы лауазымына үміткерлер – 1,32 миллион теңге.

2026 жылдың басынан бері Enbek.kz платформасында жалпы 709 мың бос жұмыс орны жарияланып, 877,2 мың түйіндеме орналастырылған.

Тегтер: http://turaninfo.kz/turaninfoturaninfo.kzжұмыссыз жастаржұмыссыздық
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Қазақстанда қай ақылы жол ең көп пайдаланылды? Рейтинг жарияланды

Қазақстанда қай ақылы жол ең көп пайдаланылды? Рейтинг жарияланды

14.09.2026, 14:54
Президент VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына үлес қосқан бір топ азаматқа мемлекеттік наградалар табыстады

Президент VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына үлес қосқан бір топ азаматқа мемлекеттік наградалар табыстады

11.09.2026, 18:00
Екі кереуетке 210 млн теңге: Жаңаөзенде аурухана қаржысын жымқырған күдіктілер қамауға алынды

Екі кереуетке 210 млн теңге: Жаңаөзенде аурухана қаржысын жымқырған күдіктілер қамауға алынды

11.09.2026, 09:00
Енді Kaspi.kz қосымшасында айыппұлдың видеосын көруге болады

Енді Kaspi.kz қосымшасында айыппұлдың видеосын көруге болады

10.09.2026, 19:23

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда қай ақылы жол ең көп пайдаланылды? Рейтинг жарияланды

14.09.2026, 14:54

Қазақстан — PSG Academy желісіндегі 24-ші мемлекет

14.09.2026, 12:26

Президент VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына үлес қосқан бір топ азаматқа мемлекеттік наградалар табыстады

11.09.2026, 18:00

eGov «қызметкері» Тараз тұрғынының атына 7 несие рәсімделгенін айтып, 2 млн теңгесінен айырды

11.09.2026, 13:00

Екі кереуетке 210 млн теңге: Жаңаөзенде аурухана қаржысын жымқырған күдіктілер қамауға алынды

11.09.2026, 09:00

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

    Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.