Бірінші сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа орталығының төрағасы Т.Байғұлов пен Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Равиль Төлебаев және «Жамбыл — адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қызметкерлері Мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты.
Жұмыстар цифрлы жүйеде жүргізіліп жатқанымен қызмет алушылар өте көп. Қызмет көрсетудің баяу жүріп жатқанын айтып қала тұрғыны Кенжебек Баданов шағымданды.
Машина нөмірін ауыстыру, көлік жүргізу куәлігін алу сияқты қызмет түрлері жүйенің жай жұмыс істеуінен 2,30-3 сағатқа дейін созылуда.
Медиа орталықтың төрағасы Т.Байғұлов пен департамент басшысының орынбасары Р.Төлебаев тұрғындардың шағымын тыңдап, тиісті сала мамандарына жауапкершілік танытуды сұрады.
Сонымен бірге жыл басынан бері бірінші рет көлік жүргізу куәлігін 487 адам алса, оның 190-ы 1-ші шілдеден бері алған.
Медиа орталықтың төрағасы Т.Байгұлов басқа облыстараға қарағанда бұл көрсеткіш жоғырғы көрсеткіш екенін атап өтті.