2019 жылдың тамыз айының 16 — 17 күндері сағат 09:00-ден 19:00-ге дейінгі аралықта Жамбыл облысының аумағында баннерлері бар арнайы жабдықталған автобустарда «Жолда қабылдау» республикалық акциясы өтеді.
Акция барысында әкімшілік полиция қызметкерлері өзекті сұрақтарға жауап береді, айыппұлдарды төлеу, көлікті тіркеу, жүргізуші куәліктерін беру, көлік құралдарын қайта жабдықтау, жол белгілерін орнату, учаскелік полиция инспекторлары, жол-патрульдік қызмет, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар қызметі, көші-қон қызметі және т.б. мәселелер бойынша түсініктемелер береді.
Жамбыл облысы Полиция департаментінің «қауырт желі» 8(7262) 997294 телефоны «Жолда қабылдау» акциясы аяқталғаннан кейін де жұмыс жасайтын болады.