Шамалған станциясындағы жол көлік оқиғасынан автобус жүргізушісі мерт болды. Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, ЖКО 3 адам жарақаттанды. Олардың біреуі әйел және екі бала.Оқиға орнына қажетті көлемде жедел жәрдем көліктері жетті. Оқиға орнында тиісті сала басшылары жетті. Қарасай ауданының әкімі Жандарбек Далабаев оқиға орнында. Жақын арадағы ауруханалар күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Қосымша ақпарат толықтырылып беріледі.
TURANINFO.KZ