Табиғат ананы қорғау – адам баласының ең басты міндеті. Қоршаған ортаның тазалығы – біздің қауіпсіздігіміз. Қазіргі жер шарындағы ластанулар өлім факторларының жаппай бой көтеруіне алып келуде. Осы орайда, 17 қыркүйек күні Жамбыл облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Экологиялық ағарту және насихаттау шараларды жүргізу» мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен, ЖАМБЫЛ ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІНДЕ экологиялық тәрбие беру мақсатында «Табиғат — ананы бірге қорғайық!» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарға 100-ден астам жастар қатысты. Қазіргі кезде экологиялық білім беру білім жүйелері дамуының өзекті мәселенің бірі. Экологиялық білімсіз қоғамдық экологиялық сана құру мүмкін емес. Қоғамдық экологиялық сана қоғамның экологиялық проблемаларымен күресуде мықты фактор болып табылады.
Заман талабына сай экологиялық білім беру — балабақша, орта мектеп, лицей, гимназия, колледждерде, жоғарғы оқу орындарында үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін жетілдіру мен ұйымдастырудың мемлекеттік жүйесі.
Экологиялық білім беру — бұл табиғатты пайдаланудың дайындау, іргелі негіздері ретінде жалпы экологияның теориясы мен практикасын игеруге бағытталған оқыту жүйесі. Ол табиғатты қорғаудың теориясы мен практикасын игеруге бағытталған оқыту жүйесі — табиғатты қорғау білімімен тығыз байланысты.
Семинарға қонақ ретінде шақырылған Тараз «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директордың орынбасары Есіркепов Абзал Есенұлы:
Жастардың көз қарасы – біздің келешегіміз. Демек, жасөспірімдердің ізгі ниеті – болашағымызды гүлдендірері анық. Табиғат ананы бірге қорғайық!!!-, деп семинарды қорытындылады.