Жазасын өтеп шыққан және пробация қызметінде есепте тұрған жастармен «Нәтижелі жұмыспен қамтуды үйлестіру және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» тақырыбына кездесу өтті
Ағымдағы жылдың 8 желтоқсанында Жамбыл ауданы, Гродеково ауылдық округінің мәдениет үйінде Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы облыс бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті Пробация қызметімен бірлесе отырып, жазасын өтеп шыққан және пробация қызметінде есепте тұрған жастарды қоғамға бейімдеп, олардың жұмыспен қамтылуына, әлеуметтік және құқықтық көмек көрсетуге, мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру, кәсіпкерлік дағдыларын үйрету мақсатында «Нәтижелі жұмыспен қамтуды үйлестіру және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» тақырыбына кездесу өткізді.
Кездесуге аталған санаттағы 300-ге жуық жас қатысып, оларға облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту, ауыл шаруашылығы, дін істері, білім, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен «Халық бизнес» қоғамдық қоры мамандарының тарапынан кездесуге қатысушы мақсатты топқа табыс көзін табуға жәрдемдесу, қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтiк және өзге де көмекті ұйымдастыру бағытында кең көлемде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, түрлі бағыттағы кеңестер берілді.
Шара барысында қатысушылар пікір алмасып, көкейінде жүрген сұрақтарына тұщымды жауаптарын алды.