Бүгін, «Жамбыл-адалдық алаңында» «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен «Жастар және сайлау: болашақ жастар үшін» атты кездесу өтті.
Бұл жиынға Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің мүшелері мен жастары қатысты.
— «Қазақстан Республикасының Президентінің кезектен тыс сайлауы 2019 жылдың 9 маусымында өтпек. Президентті кезектен тыс сайлау күні сайлау учаскелеріне тәуелсіз бақылаушыларды жасақтау керек.
Тәуелсіз бақылаушылардың негізгі мақсаты — сайлау барысында сайлау заңының сақталуына бақылау жасау болмақ. Тәуелсіз бақылаушы болатын кімде-кім елдегі қандай да бір саяси партияны, не қоғамдық ұйымды, тіпті билікті де, оппозицияны да қолдамайтын бейтарап адам болуы керек»-, деп Исламбек Дастанұлы жалпы жастарды тәуелсіз бақылаушы болуға шақырды.
Айта кетерлігі, Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы 2019 жылдың 9 маусымында өтеді. 23 сәуірде «Нұр Отан» партиясы конференция, 24 сәуірде «Ақ жол» партиясының съезі, «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы 25 сәуірде съезд өткізеді, онда президент сайлауына қатысуға шешім қабылданады, 26 сәуірде Қазақстан Коммунистік халықтық партиясының съезінде президенттікке кандидат ұсыну ұсынылады.
Сонымен қатар, белгілі журналист Ермұрат Бапиді ұсынатын ЖСДП конгресі 26 сәуірде президент үміткеріне ұсынбақ.
Мейірбекқызы Алина.