2018-2019 жылдары Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстарында «ZHAS PROJECT» Жастар корпусын дамыту жобасы іске асырылуда. Бүгінгі таңда Жамбыл облысында 206 жобаның 722 жас қатысуда.
Жастар корпусын дамыту жобасы – бұл Халықаралық қайта құру және даму банкі мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің бірлескен жобасы. Мақсаты: жастарды қоғамдастықтың өміріне тарту, сондай-ақ, қоғамдастықтың игілігі жолында қоғамдық пайдалы қызмет дағдыларына оқыту арқылы өмірлік маңызы бар дағдыларды дамыту. Қатысушылар: Жобаны іске асыру облыстары аумағында тұратын, 14 жастан 29 жасқа дейінгі жастар (оқушылардан басқа). Басымдықтар: Оқымайтын және жұмыс істемейтін немесе жұмыс істейтін, бірақ табысы төмен жастар. «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі жастарға арналған тренингтерді өткізуге міндеттелген. Тренингті арнайы оқытудан өткен ментор-тренерлер сабақ жүргізді.
28 қаңтар күні Тараз қаласында қалалық мәдениет үйінде Облыстық форум — көрме өткізілмек. Шараға жобаның ең мықты өнімдері мен тауарлар қойылатын болады.