Бүгін Тараз қаласы Полиция басқармасында Тәлімгерлер кеңесі мүшелерінің бастамасымен ішкі істер органдарына жаңадан қабылданған жас мамандардың қатысуымен «2019 жыл — Жастар жылын жариялау туралы» Елбасының Жарлығыталқыланды.
Алғаш болып Тараз қалалық Полиция басқармасы Ардагерлер кеңесінің төрағасы запастағы полиция полковнигі Шералин Тұрдалы сөз сөйлеп, жас қызметкерлерге тәлімгерлік дәстүрдің ішкі істер саласындағы маңызы мен мәнін айтты.
Сонымен қатар, тәлімгерлердің жас мамандарды тәрбиелеу бағытында жасалған жұмыстары тыңдалып, жас қызметкерлердің жұмысты алғаш игеру барысында туындайтын қиындықтар мен кедергілер талқыланды.
Тараз қаласы Полиция басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Семейхан Сексенбаев жас мамандарды Отан алдындағы міндеттеріне адал болуға шақырды және өздеріне тағайындалған тәлімгерлерді сыйлап, олардың айтқан ақыл-кеңестерінен үлгі, өнеге алуды тапсырды.
Жамбыл облысы Полиция департаменті Баспасөз қызметі