9 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтті. Еліміз үшін маңызды оқиғаға Жамбыл облысының полицейлері де белсенді түрде қатысты. Үш мыңға жуық жамбылдық полиция қызметкерлері азаматтық және патриоттық борыштарын орындап, өз дауыстарын берді. Көптеген қызметкерлер сайлауға өз отбасыларымен келді.
Сондай-ақ, Президент сайлауында ішкі істер органдарының ардагерлер кеңесінің мүшелері де шет қалмады.
Таңертеңнен бастап сайлау учаскелерінде дауыс беруге келушілердің жалпы тәртібі мен тыныштығын аумақтық учаскелік полицейлер қадағалауда.
Жамбыл облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі