Жамбыл облысы әкімдігінің Тілдерді дамыту басқармасының Тілдерді оқыту орталығы өткізген «ҚАЗТЕСТ» сертификаттық, диагностикалық тестілеуге 70-тен астам полиция қызметкері қатысты.
«ҚАЗТЕСТ» – мемлекеттік қызметкерлер мен мемлекеттік қызмет көрсететін ұйымдардың қызметкерлері арасында мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау мақсатында өткізіледі. Тестілеу барысын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығының өкілдері қадағалады.
Тест тапсырушылар – тыңдалым, лексика-грамматикалық мәселелер, оқу және жазу бойынша жабық түрдегі 150 тапсырманы орындады.
Жамбыл облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі