2019 жылдың 18 ақпанында «Есірткі» жедел- алдын алу іс-шараларын жүргізу барысында Жамбыл облысы ПД ЕБҚКБ қызметкерлері Байзақ ауданында бұрын сотты болмаған Құмжота ауылының 48 жастағы тұрғынын ұстады, оның үйінен 67,5 келі марихуана және 143 грамм гашиш табылып, тәркіленді.
Ұсталған азамат өз кінәсін толық мойындап, Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.
Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Жамбыл облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі