Астана қаласындағы «Жас Отан» жастар қанатының IV съезіне Жамбыл облысынан 50 делегат қатысатын болады деп хабарлайды «TURANINFO.KZ» ақпараттық агенттігі.
— «Жамбыл облысынан түрлі сала өкілдерінен 50 жас іріктеліп алынды. 28 наурыз күні «Жас Отан» жастар қанатының IV съезі мен Елбасының бастамалары мен Жолдауларынан туындайтын мәселелерді жүзеге асыру бойынша жаңа тетіктер талқыланып, 29 наурыз күні Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен жастар форумы өтпек» — деп мәлімдеді облыстық делегация жетекшісі, Жамбыл облыстық «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Уалихан Болатбек.
Айта кетерлігі, делегаттар қатарынан Тараз қаласы мен аудандық «Жас Отан» ЖҚ басшылары, облыстық жастар саясаты мәселелері басқарма басшысы Мәди Мәтен, қалалық мәслихат депутаты Серікбол Берікқожа, Жамбыл облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясы «Ақ желкен» жастар лигасының төрағасы Зайнудин Махусеев, «АстанаPARK» кинотеатырының директоры Олжас Қуандықов, «Жібек Жолы» бизнес ассоциациясының директоры Нұржан Қамбарұлы, «Достар самғау» ЖШС директоры Жандос Ахметов, жоғарғы оқу орындарының жастар ісі жөніндегі комитет басшылары, жастар үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, облыстық бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары мен өкілдері, белсенді жасотандықтар бар.