Тұңғыш Президент күніне орай білім басқармасының ұйымдастыруымен Тараз сервис және технология колледжінде «Жас маман» жобасы аясында құзыреттіліктер орталығы ашылды.
Білім мекемесінде ашылған «Сән технологиялары» құзыреттілік орталығында республикалық бюджеттен бөлінген қаржыға халықаралық стандарттарға сәйкес 190 тігін машиналары, «Аспаз ісі» құзыреттілік орталығында 138 аспаздық құрал-жабдықтар сатып алынған.
Биылғы жылы «Жас маман» жобасы облыстағы 5 колледжде жүзеге асырылса, келесі жылы 6 колледжде жүзеге асырылады деп жоспарлануда. Жоба іске асқан колледждерде WorldSkills чемпионатына қатысушыларды даярлайтын оқу-жаттығу лагері, құзыреттілік орталықтары құрылды.
Аталған орталықтар үздік әлемдік стандарттар мен тәжірибеге, соның ішінде WorldSkills стандарттарына сай еңбек нарығына жақсы дайындалған кадрларды шығаруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, құзіреттілік орталықтарының базасында жастарды инновациялық және стартап-жобаларға тартуға болады, бұл қазақстандық жастарды сапалы оқытуға мүмкіндік береді.