Жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдерімен 2018 жылы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және қызметтік әдеп нормаларын бұзу, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтардың алдын-алу мақсатында тұрақты негізде семинарлар, лекциялар және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы түсіндіру жұмыстары жүргізлді.
Сонымен қатар, әдеп жөніндегі уәкілдермен 12 айында мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша 841 жеке консультативті көмек көрсетілді. Оның ішінде 442 мемлекеттік қызметшіге және 399 жеке және заңды тұлғаларға.
Түскен сұрақтарды талдау көрсеткендей, негізінен мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызмет, тәртіптік жаза қолдану, өтініштерді қарау, мінез-құлықтың жалпы стандарттары және әлеуметтік желілерде аккаунттарды пайдалану мәселелері бойынша жүгінеді.
Жеке және заңды тұлғалар негізінен мемлекеттік органдар шешімдерімен және лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттерімен келіспеу мәселелерін көтеруде.
Әдеп жөніндегі уәкіл, Ереженің 9 тармағына сәйкес, өзіне жүктелген мәселелер бойынша мемлекеттік қызметшілерді және басқа да азаматтарды өтініштері бойынша, баршаға көрінетіндей жерде орналастырылған кестеге сәйкес, айына кемінде бір рет қабылдайды.
Есепті кезеңде 432 азаматтарына жеке қабылдау өткізілді, оның ішінде 256 азамат шығу кездесулерде қабылданды.
Өткен жылы «Нұротан» партиясымен бірлесе отырып, азаматтарды қабылдау кестесі бекітілді. Кестеге сәкес «Нұротан» партиясының облыстық, Т.Рысқұлов, Меркі, Қордай, Жамбыл, Байзақ аудандық филиалдарында және Халыққа қызмет көрсету орталықта азаматтарды қабылдау жүргізілді (24 азамат қабылданды).
Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша өтініштер санының өсуі де байқалады.
Егер, 2017 жылында мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша 12 өтініш келіп түссе, өткен жылды 59 өтініш түсті. Оның ішінде 3-і — мемлекеттік қызметшіден, мемлекеттік огргандардан- 2, 50 өтініш- жеке және заңды тұлғалардан.
Шағымдар, негізінен, жергілікті атқарушы органдардың әрекеттері бойынша түскен. Оларға тексерулер жүргізіліп, өтініштер иелеріне жауаптар берілді. 2 шағымданушының құқықтары мен заңды мүдделері қалпына келтірілді.
Бұл әдеп жөніндегі уәкілдерге мемлекеттік қызметшілер мен азаматтардың сенімінің арта түскендігін көрсетеді.
Облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкіліне мемлекеттік қызметшілер тарапынан қызметтік автокөлік жеке мақсатта пайдалануына қатысты қала тұрғындарынан ақпараттар (бейнежазба) келіп түсті.
Азаматтардан түскен бейне жазбаларды зерделеу барысында Әдеп кодексі Ереженің 5 тармағының 10) тармақшасының (мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті, автокөлік құралдарын қоса алғанда, ұтымды, тиімді және тек қызметтік мақсатта ғана пайдалануға тиістігі туралы) талабы сақтамағаны белгілі болды. Жауапты 5 қызметкерлер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық туралы материалдардың болуын анықтауға әлеуметтік желілерге тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі. Ондай фактілер болған жағдайларда, тиісті тексеру жүргізу бойынша шаралар дереу қолданылады.
Мемлекеттік қызметшілердің әдепті, сыпайы, қарапайым болуы бұл бүгінгі күні үлкен мәселе. Сол себептен, бекітілген жоспарға, кестелерге сай мемлекеттік қызметшілерге Әдеп кодексі және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларында Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтау бойынша 711 түсіндірме жұмыстары жүргізілді, оның ішінде: дәріс пен семинарлар-363, орналастырылған бейнесюжеттер мен радиоматериалдар-52, БАҚ-да жарияланған баспалы мақалалар-208, интернет-ресурстарындағы мақалалар-88, 354-аймақтарға шығу іске асырылды, оның ішінде: аудандарға -26, селолық округтарға-328.
Осы семинарларда мемлекеттік қызметшілерге «Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлқы нормалары» атты қалталы кітапшасымен таныстырылды. Семинар аяғында, қалталы кітапшасы (Pocketbook) таратылды.
Қазіргі таңда 2018 жылы жаңартылған қалталы қітапшаларды тарату жұмысы жүргізілуде.
Қызметтік әдеп нормаларының сақталуын, сондай-ақ, ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу мақсатында, бекіткен нысан бойынша, анонимді сауалнама жүргізілді.
Сауалнамаға барлығы бірінші жартыжылдықта 2054, екінші жартыжылдықта 2426 мемлекеттік қызметші тартылды (факт-2610).
Қорытындысы қызметтік Әдеп нормаларын сақталуы бірқалыпты, ұжымдағы моральдік ахуал тұрақты және мемлекеттік қызметке, тікелей басшыларына деген сенімі жоғары екендігін көрсетті.
Дегенмен, жекелеген негативтік мәселелер бойынша семинарлар мен кездесулер өткізілді және мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына тиісті ұсыныстар жасалды.
Өткен мерзімде, заңдылықты, сыбайлас жемқорлық құбылыстарына қарсы іс-әрекетті қамтамасыз ету бойынша күштерінің бірігуі мен өзара іс-әрекеті және қоғамның мемлекет органдарына сенімін нығайту, сонымен бірге, мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы құқыққа қарсы көріністерін алдын алу бойынша тиімді шаралар қабылдау мақсатында Жамбыл облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі мен «Жамбыл облысының кәсіподақ орталығы» аймақтық кәсіподақтар бірлестігі және «Мемлекеттік, банктік ұйымдар мен әлеуметтік қызмет ету жұмыскерлерінің салалық кәсіби одағы» қоғамдық бірлестігі арасында меморандум жасалды.
Әдеп жөніндегі уәкілдің атқарылған жұыстары туралы ақпараттар мемлекеттік органдардың сайттарында және әлеуметтік желілерде жарияланады.