Мемлекет пен қоғам азаматтарының құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сапасы, объективтілігі мен жан-жақтылығы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде Жамбыл облысының прокурорлары басшылыққа алатын қағидаттардың толық тізбесі емес.
Мұндай тәсіл азаматтардың, кәсіпкерлердің құқықтарының көптеген бұзушылықтарын анықтауға және олардың шағымдары мен арыздарын қарау кезінде заңдылықтың бұзылуын жою туралы 51 прокурорлық қадағалау актілерін енгізуге мүмкіндік берді.
Мысалы, Сарысу ауданы тұрғынының өтінішін қарау кезінде облыс прокуратурасымен экология, мемлекеттік сатып алу және монополия салаларындағы елеулі заң бұзушылықтар анықталды.
Нәтижесінде, енгізілген ықпал ету актісі негізінде аудан бөлімінің басшысы және 5 ауылдық округ әкімдері 3,6 млн.теңге сомасына айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұзушылықтар жойылды.
Ағымдағы жылы облыс прокурорларымен 8 мыңнан астам өтініштер қаралды. Олардың жартысына жуығы (47% немесе 3823) қылмыстық қудалаумен, төрттен бір бөлігі (24% немесе 1985) әлеуметтік-экономикалық саладағы мәселелермен және 7% (559) қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот актілерімен байланысты.
Әлеуметтік-экономикалық салада түскен өтініштердің басым бөлігі (74%) құзіреті бойынша уәкілетті органдарға жолданды.
Өтініштерді қайта жіберудің осындай жоғары деңгейінің себебі өткен жылдан бастап енгізілген прокурорлардың өтініштерді қараудың жаңа тәртібі туралы халықты хабардар етпеуі болып табылады.
Мәселен, «Прокуратура туралы» Заңға сәйкес, прокуратура органдары енді келесі өтініштерді қарастырады:
— Президенттің тапсырмасы болса;
— адам өмірі мен денсаулығының қайтымсыз зардаптарына, қоғам мен мемлекеттің экономикасы мен қауіпсіздігіне қауіп төніп тұрса;
— адам денесінің немесе психикалық бұзылуынан немесе басқа жағдайларда өзін қорғай алмаса;
— шектелмеген адамдар тобының құқықтары бұзылған, яғни адамдардың шеңберін объективті анықтау мүмкін болмаған кезде.
Бұл ретте көрсетілген өтініштердің санатын прокурорлар тек заң бұзушылық немесе олардың құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың қызметінде пайда болу қаупі, сондай-ақ мүдделер қақтығысы болған не бақылаушы немесе қадағалау органының шешіміне шағым жасалған жағдайларды ғана қарайды.
Сондықтан, егер өтініштер көрсетілген өлшемдерге сәйкес келмесе, азаматтар мен заңды тұлғаларға өз құқықтарын қорғау үшін тікелей уәкілетті органдарға немесе сотқа жүгіну қажет.
Бұл баптар қарау тәртібі қылмыстық іс жүргізу, азаматтық іс жүргізу заңнамасында, әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамада белгіленген, сондай-ақ жедел-іздестіру және қарсы барлау қызметі саласындағы өтініштерге қолданылмайды.
2017 жылдан бастап прокурорлардың азаматтық істер бойынша сот шешімдеріне наразылық келтіру туралы өтініштерді қарау тәртібі өзгертілгеніне назар аударамыз.
АІЖК-нің 435-бабының жаңа редакциясына сәйкес, процеске қатысушылардың өтініштері бойынша Бас Прокурор прокурорлардың қатысуымен қаралған азаматтық істер бойынша ғана наразылық келтіруге құқылы.
АІЖК-нің 54-бабының 2-бөлігіне сай, прокурордың үш жағдайда қатысуын міндеттейді, егер дау мемлекеттің, қоғамның және өзін-өзі қорғай алмайтын азаматтардың мүдделерін қозғаса.
Бұл, басқа даулар бойынша сот актілеріне Жоғарғы сотқа наразылық келтіру туралы өтінішті қарастыра алмайды деген сөз.
Азаматтар мен заңды тұлғалар күшіне енген шешімге Жоғарғы сотқа шағымдануға тиіс.
Жоғарыда көрсетілген талаптарды білу анықтаушыларға қажетті адресатқа бірден жүгінуге мүмкіндік береді.
Жамбыл облысының прокуратурасы