Мемлекеттік қызметшілер күні қарсаңында Жамбыл облысының Полиция департаменті Кадр саясаты басқармасының бастамасымен ПД мемлекеттік әкімшілік қызметкерлеріне арналған танымдық тренинг өтті.
Тренингті ПД Жедел қимылдайтын арнайы жасағының нұсқаушы-психологы полиция капитаны Зәуре Асаубекова өткізді. Ол қатысушыларға позитивті ойлау және еңбекке қабілеттілік деңгейін анықтауды ұсынды.
— Бұл тренинг біздің қызметкерлер арасында алғаш рет өткізілуде, — деді Зауре Асаубекова. — Олар әрдайым өз міндеттеріне кәсіби тұрғыда қарайды, бірақ бүгінгі кездесу олардың әрқайсысының жұмыста қаншалықты белсенді екенін, сондай-ақ оның нәтижелілігін, позитивті ойлауды дамыту дағдыларының бар-жоғын анықтауда жаңа пайдалы білім қалыптастыруға мүмкіндік береді. Мұндай тренинг тұлғаның мүмкіндіктерін бағалауға көмектеседі, сондай-ақ оның жеке дамуы мен қалыптасуына ықпал етеді.
Тренингке қатысушылар қызықты тапсырмаларды орындауға қызығушылық танытып, соңында нұсқаушы-психологқа алдағы уақытта қызметте ұтымды пайдалануға мүмкіндік беретін мазмұнды және ерекше сабағы үшін алғыс айтты.
Жамбыл облысының Полиция департаменті Баспасөз қызметі