Жамбыл облысының бас имамы мешіттердің жөндеу жұмыстарымен танысты

255
ҚАРАЛЫМ

Бүгін ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев Тараз шаһарындағы Жамбыл Жабаев атындағы мешіттің құрылыс жұмыстарымен танысып қайтты. 

 Мешіт дәл тұрғындардың құлшылық үйін қажет ететін, шалғай ауданында орналасқан. Айта кетейік, осы уақытқа дейін кішкене ғана ғимарат болып тұрған Алла үйінің жанынан қайта жаңа ғимарат бой көтеруде.

Қызу жұмыстың жасалып жатқанын көрген көпшілік те мешіттің ашылуын асыға күтіп жүрген-ді.

Бас имам сонымен қатар күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан «Иса Ахмет» мешітін зиярат етіп, ғимаратты аралады. Бейбіт Мырзагелдиевпен бірге Тараз қаласының бас имамы Амантай Садиев, ҚМДБ «Халал Даму» Жамбыл облысындағы меңгерушісі Нұрматжан Миразизов болып, жоспармен танысты. Алланың жер бетіндегі ең нұрлы, ең таза орындары алдағы уақытта әдеттегіден де келбетті кейіпке енбек.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы