Баршаңызға белгілі, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлт жоспары-бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» бағдарламасы аясында мемлекеттік қызметтердің бірыңғай провайдері ретінде 2016 жылдың 7 сәуірінде халыққа қызмет көрсету, зейнетақы төлеу, жылжымайтын мүлік және жер кадастры ғылыми-өндірістік орталықтары сияқты төрт бірдей ірі мемлекеттік кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы құрылды.
Ал, осы жылдың мамыр айында корпорация құрылған 2 жыл ішіндегі оңтайландыру мен трансформацияланудың төртінші кезеңіне өтіп, Жамбыл облысы бойынша филиалында да бірқатар өзгерістер жүрді. «Халыққа қызмет көрсету орталығы», «Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру» және «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу» департаменттері біріктіріліп, бір құрылымға айналды. Осылайша, бір орталыққа біріктіру жүйесі, құрылымдардың қайталануын болдырмай, фронт-офистерде цифрлық қызмет алуға жағдай жасауға бағытталды.
Бүгінгі таңда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінде 746 қызмет болса, оның 621-і мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілуде, электрондық үкімет порталы арқылы автоматтандырылғаны- 452.
Облыс бойынша филиалда 21 басқарма жұмыс жасайды. Бұдан бөлек, 19 фронт-офис, 23 бэк-офис аптасына 6 күн сағат 9.00-ден бастап 20.00-ге дейін бірыңғай кестеге сәйкес тұрғындарға қызмет көрсетеді. Филиалдың штаттық саны — 1018 адамды құрайды.
Жалпы 2018 жылдың І жартыжылдығында халыққа қызмет көрсету бағыты бойынша 906 383 қызмет көрсетілген, оның ішінде 452 696 қызмет электрондық негізде. Ал, әлеуметтік төлемдер бағыты бойынша жалпы 35746 қызмет көрсетілген, оның ішінде электрондық үкімет порталы арқылы-2357.
Халыққа қызмет көрсету бағыты бойынша бөлімдерде мемлекеттік қызметті өздігінен алу үшін «Connection point» (өзіне-өзі қызмет ету секторы) жұмыс атқаруда. Бұл сектордың негізгі мақсаты: халықты «Электрондық үкімет» порталының мүмкіншіліктерімен таныстырып, ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) арқылы ақпараттық анықтамалар мен электрондық қызметтер алуға мүмкіндік жасау.
2018 жылдың І жартыжылдығында секторлар арқылы 334 832 қызмет көрсетіліп, 429 513 кеңес берілген. Облыстың 194 183 тұрғыны электрондық цифрлық қолтаңбаға қол жеткізген.
Сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың қызметтерді алуы мақсатында орталықтың барлық бөлімдерінде орналасқан қоғамдық қол жеткізу орындары бар.
Елбасы Н.Назарбаевтың биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауында «Цифрлық Қазақстан» кешенді бағдарламасы қабылданғанын атап көрсеткен болатын.
Сонымен қатар, Жолдауда жүктелген тапсырмаларды орындау үшін Мемлекет басшысы негізгі 10 міндетті алға тартты. Соның сегізінші міндеті – тиімді мемлекеттік басқару.
Яғни, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің интеграциясы «бір өтініш» қағидасы бойынша жекеленген мемлекеттік қызмет көрсетуден кешенді қызмет көрсетуге көшуге мұмкіндік береді. Осы орайда Елбасы Үкіметке Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен бірлесіп, ағымдағы жылы орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда осы жүйені енгізудің пилоттық жобаларын іске асыруды тапсырды.
Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісін проактивті тәсілге көшіру жұмыстары
Нәтижесінде, Мемлекеттік корпорация мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және уәкілетті мемлекеттік органдар бірлесіп белсенді форматта, баланың тууы бойынша қызмет көрсетуді проактивті тәсілмен ұсыну пилоттық жобасын іске қосты. Азаматтар баланың туу туралы куәлігін алуға өтінішті SMS – хабарлама арқылы бере алады. Бұл пилоттық жоба үйден шықпастан, баланың туу туралы куәлігін алуға, оны балабақша кезегіне қоюға және әлеуметтік жәрдемақы алуға, тіпті жаңа туылған сәбиді тұрғылықты жері бойынша тіркеуге де мүмкіндік береді. Тиісті мәліметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынады, ал қажетті ақпараттар қызмет алушыдан SMS-хабарлама арқылы сұратылады.
Жалпы, бұл пилоттық жоба облыстың 14 перинаталдық орталықтарында қолданылып, 6000-нан астам жаңа босанған аналарға СМС-хабарлама арқылы құттықтау келген.
«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында
Қазір көптеген мемле¬кеттік қызметтерді азаматтар «Элек¬трондық үкімет» порталы арқылы өз бетінше үйде отырып та ала алады. Бұл үрдісті біз барынша насихаттап жатырмыз. Мысалы, 2017 жылдың 22 қыркүйегінен бастап Жамбыл облысында азаматтарды электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді өз бетіңше алуға үйрету мақсатында «Халыққа қызмет көрсету орталығы»департаменті мен облысы әкімдігі бірігіп, «Өз бетіңше қызмет ал!» науқанын ұйымдастырды. Аталған акция әлі де жалғасын тауып келеді.
Акцияның басты мақсаты – тұрғындарды электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді орталыққа және уәкілетті органдарға бармай-ақ, өз бетінше алуға үйрету болатын.
Қазіргі таңда қалалық және аудандық бөлімдер жергілікті әкімдікпен бірлесе отырып, бекітілген кестеге сәйкес уәкілетті органдарға, оқу орындарына, сауда орындарында, басқа да түрлі мекемелерге барып оқыту жұмыстарын жүргізуде. Жалпы халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында 2018 жылдың І жартыжылдығында 408 мекемеге шығып, 86697 тұрғынға кеңес берген. Ал, жыл соңына дейін облыстың 404 969 тұрғыны цифрлық сауаттылығын арттырып, компьютерлік қабілетін одан әрі меңгереді түседі деген сенімдеміз.
Электронды негізде іске қосылған пилоттық жобалар мен сервистік қызметтер
1. 2017 жылдың соңында азаматтардың рұқсат беруімен үшінші тұлғаның анықтамаларды алуына болатын сервисі жүзеге асты. Мысалы, сервиске енгізілгеннен кейін, оқу орны немесе жұмыс беруші электрондық портал арқылы қажетті құжатты сұратады, ал қызмет алушы (бұл жағдайда ата-ана, жұмыс беруші, т.б.) SMS-хабарлама арқылы бір рет электрондық анықтама алуға өзінің рұқсатын береді.
2. 20 минут ішінде мекенжайда онлайн тіркелу қызметі. Енді электрондық үкімет порталында тұрғылықты жері бойынша онлайн тіркелу рәсімі өзгертілді. Бұл үшін ешқандайда баж алынбайды және небәрі 20 минут жеткілікті.
3. Жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыру. Жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыру қызметі іске қосылды. Ол үшін электрондық цифрлық қолтаңба болуы қажет. Порталдан авторизациядан өткен соң электронды өтінішті толтыру қажет. Өтінішпен қоса фотсурет және қойған қолыңыздың скан-суретін қоса жолдап, сондай ақ мемлекеттік баж салығын төлеу керек. Айта кетейік жүргізуші куәлігінің баж салығы 1, 25 % АЕК (3007 теңгені) құрайды.
Жалпы, филиал қызметкерлері мемлекеттік қызметтер көрсету жолында жүйелі жұмыстар атқаруда. Қоғаммен байланыс мәселесі біз үшін өзекті тақы¬рып, себебі халықты мемлекеттік қыз¬меттер туралы құлағдар ету, ұсыныстарын қабылдау, өтініш-шағымдарын қарас¬тырып, шұғыл жауап беру, т.б. жұмыстардың уақтылы орындалуын үздіксіз қамтамасыз етудеміз.