Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасы жанындағы «Өңірлік коммуникациялар қызметінде» облыстық ТЖД ТЖ алдын алу бөлімінің бастығы Омар Такеев, облыстық ТЖД Жедел құтқару жасағының басшысы Юрий Салагаев, облыстық ІІД ювеналдық полицияның бастығы Қуанышбек Қалжановтың қатысуымен баспасөз-конференциясы өтті.
Спикерлер су айдындарында шомылатын балалардың қауіпсіздігіне назар аудару қажеттігін ескертті.
Спикерлердің айтуынша, облыста соңғы 7 күн ішінде су айдындарында ата-аналардың балаларды қараусыз қалдыру салдарынан оқыс жағдайлар орын алуда.
Осыған орай департаменттің ТЖ алдын алу бөлімі, Тараз қаласы ТЖ басқармасы, аудандық ТЖ бөлімдері және Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері балаларға және ересектерге судағы өзін-өзі ұстау ережелерін күшейтілген режимде профилактикалық, түсіндіру және әңгімелесу жұмыстарын жүргізуде.
Үстіміздегі жылдың басынан бастап 16 қайғылы оқиға тіркеліп, 17 адам суға батып қайтыс болды, оның ішінде 10 бала бар.
Өкінішке қарай, қайтыс болғандардың жартысы – мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар.
Мәселен, ағымдағы жылдың шілде-тамыз айларында шомылуға жабдықталған жерлер мен бассейндерде 14 жасқа дейінгі 3 жасөспірім балалар қаза тапты.
Құрметті азаматтар, есте сақтаңыздар, су қатені кешірмейді! Судағы өлімнің негізгі себептері – азаматтардың қауіпсіздік пен сенімге деген жалған көзқарас.
Қауіпсіздік ережелерді өрескел бұзуы және білмеуі, балаларды қараусыз қалдыру, сонымен бірге, мас күйінде шомылу қайғылы жағдайға алып келеді.
Өздеріңізге және жақын адамдарыңызға қамқорлық жасаңыз!,- деп өз сөздерін аяқтады.