Бүгінгі таңда карантиндік стационарда 25 адам жіті бақылауда деп хабарлады облыстың бас дәрігері.
Мониторингке сәйкес (ПГВр-25) Жамбыл облысында 2020 жылғы 23 наурызда сағат 05.00-дегіжағдай бойынша:
— 1A санатындағы елдерден келген 3 азамат (Италия-3) карантиндік стационарға оқшауланды;
— 1Б санатындағы елдерден (ҚХР, Оңтүстік Корея, 1а) категориясына кіретін елдерден басқа, Шенген аймағына кіретін елдер) 17 азамат үй карантиніне оқшауланды;
— 2 санатындағы елдерден(Филиппины, Катар, Үндістан, БАӘ, Ұлыбритания, Әзірбайжан, Таиланд, АҚШ) келген 18 азамат медициналық бақылауға (қоңырау шалу арқылы) алынды.
Жалпы 2020 жылдың 23 наурызының сағат 05.00 уақытында:
— Шет елден келген тұлғамен қатынаста болған 1 тұлға инфекциялық стационарға жіті респираторлық вирустық инфекциясының белгілері болуына байланысты жатқызылды. Коронавирустық инфекцияға талдау нәтижесі теріс.
-Келген тұлғалар үшін карантиндік стационарда 7 адам қалуда;
— Коронавирустық инфекциясымен ауырған науқаспен байланыста болғандарға арналған карантиндік стационарда 17 адам. Барлығы 25 тұлға, олардың денсаулық жағдайлары қанағаттанарлық.
— Үй карантинінде барлығы 56 тұлға, оның ішінде 1Б категориялы елдерден келген 32 тұлға, коронавируспен ауырған науқаспен байланыста болған тұлғалармен қатынаста болған 24 азамат бақылауда тұр.
— 2 категориялы елдерден келген 18 адам қоңырау шалу арқылы медициналық бақылауға алынған.
Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда және күнделікті бақылауда тұр деп мәлімдеді Марат Сейітбекұлы.