19 мамыр күні Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның тоғыз жаңа жағдайы анықталды.
Тараз қаласының үш тұрғыны бойынша КВИ-ге алынған талдаулар оң нәтиже көрсеткен. Олардың бірі 57 жастағы ер адам бұған дейін байланыста болған тұлға ретінде карантиндік стационарға оқшауланған. Ауруханадан шығарар кезде зертханалық тексеру қорытындысы инфекцияның бар екенін растады.
Індет 1975 және 1998 жылы туған Талас ауданының екі тұрғынын да анықталды. Атап айтқанда, 45 жастағы әйелде диагноз жоспарлы емдеуге жатқызу барысында расталған.
Сондай-ақ, Меркі мен Байзақ ауданының 1951 және 1983 жылы туылған екі тұрғынының талдауы да оң нәтиже көрсеткен. Екеуі де дертті бұған дейін ауырған науқастармен байланыс кезінде жұқтырған.
Сонымен қатар, ауру Атырау облысының Теңіз вахталық кентінде жұмыс істейтін 1966 және 1985 жылы туған екі ер адамдан расталған. Белгіленген алгоритм бойынша, аймаққа келгеннен кейін карантинге алынған оларға зертханалық зерттеулер қорытындысымен COVID-19 диагнозы қойылды.
Барлық науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді, олармен байланысқан тұлғалар анықталып, карантинге алынды. Ошақтарда дезинфекция шаралары жүргізілді.
Жалпы, ағымдағы жылдың 19 мамырдағы жағдай бойынша Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 217 жағдайы тіркелді, оның ішінде Таразда – 98, Байзақ ауданында – 27, Жамбыл ауданында – 6, Қордай ауданында – 45, Меркі ауданында – 6, Шуда – 2, Таласта – 2, Мойынқұмда – 1.
Сондай-ақ, Дели — Тараз рейсіндегі жолаушылардан 6, Теңіздегі вахталық кентінен келген жұмысшылар арасынан 24 оқиға анықталды.
Барлық індетке шалдыққандардың 142-сі емделіп, дәрігерлердің бақылауындағы үй карантиніне шығарылды.