2020 жылдың 26 қараша күні Жамбыл облысында төтенше жағдайларды алдын алу және жою комиссия отырысы өтті. Отырысқа облыстық ТЖД, облыстық ЖПҚ, денсаулық сақтау Басқармасы, білім Басқармасы, РМК «Казгидромед» Жамбыл филиалы, РМК «Казсушар» Жамбыл филиалы, «ЖЭЖ-Жамбыл электр желілері» ЖШС, «Казавтожол ҰК» АҚ филиалы, РММ «Шу-Талас бассейн инспекциясы», «Казтрансгаз Аймақ» Жамбыл өндірістік филиалы және басқа да мемлекеттік органдардың басшылары мен өкілдері қатысты. Қалалық және аудандық әкімдіктер слектор режимінде отырысқа қатысты.
Атқарылған жұмыс туралы басндама жасағандар: Жамбыл облысы ТЖД бастығының орынбасары Сабиров Т.Н., Жамбыл облысы ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Әкімбаев М.А. және энергетика және тұрғын үй-коммуналдық қызметтер басқармасының басшысы Қорғанбаев К.
Отырыс барысында 2020-2021 жылдырадағы қысқы кезеңде халықтың тіршілігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Мүдделі мемлекеттік және мемлекеттік емес органдардың барлық басшыларына төмендегідей тапсырмалар берілді:
- — халықтың әлеуметтік осал топтарын, оның ішінде көп балалы, сондай-ақ жалғыз басты зейнеткерлерді қолдауды қамтамасыз ету;
- тұрғын үй үшін жану өнімдерінің қауіпті шоғырлануын ерте анықтау датчигін және электр желілерін жөндеу үшін қаржыландыруды қамтамасыз ету;
- улы газдан улану және өрттерде адамдардың жарақаттануын және қаза болуын болдырмау жөніндегі іс-шаралаларды жүзеге асыру;
- облыстың шалғай аудандарында өрт сөндіру бекеттерін құру;
- облыс аумағында өрт жабдығы мен техникалық жарақтандыру үшін қаржы бөлу және басқа да маңызды мәселелер бойынша.
Іс-шара соңында комиссия төрағасы облыс әкімінің орынбасары Жазылбек Ұлан Еркінұлы жоспарланған жұмыстар нәтижесі барлық органдардың жауапты және үйлесімді жұмыс атқарғанда болатындығын атап өтті.
Жамбыл облысы ТЖД Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының аға инженері Жапаров Дархан