Бүгін Өңірлік Коммуникациялар қызметі алаңында облыс әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқарма басшысының м.а. Досанов Дәулет Іңкәрбекұлының қатысуымен баспасөз-конференциясы өтті. Жиын барысында басқарманың 1 жартыжылдықта атқарылған жұмыстар туралы айтылып, тілшілердің сұрақтарына жауап берілді.
Спикердің мәлімдеуінше, облыста барлығы 377 елді мекен бар (оның ішінде 4 қала). Оның ішінде, тұрғындарының саны 5 мыңнан асатын елді мекендер облыстық және аудандық маңызы бар қалаларды қоса есептегенде 32. Бүгінгі күнге 362 елді мекен бас жоспармен және оңайландырылған нұсқасымен қамтылған. Есеп беріліп отырған кезеңде, яғни 2016-2019 жылдары 35 елді мекеннің бас жоспары мен оңайландырылған нұсқасы бекітілді. Халық саны 50-ге жуық, бас жоспардың оңайландырылған нұсқасы әзірленбеген 15 елді мекен бар. Аудан аумағында халқының саны 50-ден төмен Мойынқұм ауданы (Кіші қамқалы, Арал, Байтал, ГРЭ-21), Т.Рысқұлов (Разьезд-98), Сарысу(Талас, Жарқұдық) және Шу (Ақтасты), елді мекендерді оңтайландыру жұмыстары жүргізілуде.
«Жамбыл облысының сейсмотұрақтылығы 7 балды құрайды. Облыс бойынша сейсмоқауіптілігі жоғары аймақтар Тараз,Жаңатас, Қаратау, Шу қалалары және Т. Рсықұлов, Жуалы, Байзақ, Қордай, Жамбыл, Меркі, Талас, Шу аудандарын қамтиды. Осыған байланысты, «Сейсмология институты» ЖШС сметалық есебі бойынша Тараз, Жаңатас, Қаратау, Шу қалаларының егжей-тегжейлі сейсмикалық аудандастыру және сейсмикалық шағынаудандастыру карталарын әзірлеуге қажетті қаражат 1,4 млрд. теңгені құрайды. Әлеуметтік, тұрғын үй және коммерциялық бағыттағы сейсмикалық тексеруді қажет ететін нысандарды анықтау мақсатында 2018 жылдың 12 қазанында жұмыс тобы құрамы бекітілді, паспорттауға жататын обьектілердің тізімі қалыптастырылып, обьектілерді сырттай (визуалды) қарап, техникалық жағдайын, сейсмикалық төзімділігін зерделеу нәтижесінде 140 нысан анықталды. Қазіргі уақытта, сейсмоқауіпті деп танылған 140 нысан қайта нақтылануда»- , деп хабарлады басқарма басшысы м.а..
Өңірде 35 құрылыс нысанында қызыл сызық нормалары бұзылған
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында облыс әкімдігінің Cәулет және қала құрылысы басқарма басшысының м.а. Досанов Дәулет Іңкәрбекұлы хабарлады.
Тараз қаласы мен аудан әкімдіктерінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімдерінің бүгінгі күнге берген мәліметіне сәйкес, облыс аумағында қызыл сызық нормаларын бұзып жүргізілген құрылыс нысандарының саны – 35.
Бүгінгі күнге 8 нысан меншік иелерінің өз еркімен бұзылған (Тараз қаласы-3 нысан, Т.Рыскулов- 3 нысан және Қордай ауданы-2 нысан); 20 нысанға қатысты тиісті шаралар қолдану үшін материалдар сотқа жолданған (Тараз-19 нысан, Рысқұлов-1нысан,); 1 нысанға қатысты облыс әкімдігінің мемлекеттік сәулет бақылау басқармасы тарапынан айыппұл салынған (Меркі аауданы); 2 нысан бойынша пайдалануға қабылдау акті мен мүлікті жария ету комиссиясының хаттамасы тіркелген (Қордай ауданы); 1 нысан бойынша иесі қайтыс болуына байланысты шара қолдану мүмкін болмай тұр (Тараз қаласы). Қалған Жамбыл ауданы бойынша 2 нысанға, Қордай ауданы бойынша 1 нысанға қатысты шаралар қабылдамаған және 2018 жылдан бері талап арызы сот органның қарауында (Тараз қаласында 17 нысан, Т. Рысқұлов ауданы 1 нысан).
51 нысанның құжаттары рәсімделмеген
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында облыс әкімдігінің Cәулет және қала құрылысы басқарма басшысының м.а. Досанов Дәулет Іңкәрбекұлы хабарлады.
Облыс бойынша автомобиль жолдары, көшелердің бойында орналасқан контейнерлерлік сауда орындарына, олардың рұқсат құжаттарына, санитарлық-техникалық талаптарға, құрылыс нормаларына сәйкестігіне жұмысшы топ құрамымен зерделеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде облыс бойынша 109 құрылыс нысандары мен сауда дүңгіршектері анықталды.
Анықталған нысандардың 58-ның құжаттары рәсімделген, ал 51 нысанның құжаттары аудан әкімдіктері тарапынан берілген мәліметке сәйкес, құжаттары рәсімделмегені туралы ақпарат берілді. Бүгінгі күнге Байзақ ауданы бойынша 1 контейнер алынды, Жамбыл ауданы бойынша, 2 нысанға облыс әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы тарапынан 777 700 теңге айыппұл салынды және 1 нысан өз еркімен бұзылды, Қордай ауданы бойынша, 1 нысан өз еркімен бұзылды, Т. Рысқұлов ауданы бойынша 2 контейнер алынды, қалған 44 құрылыс нысандары және сауда дүңгіршектеріне аудан әкімдіктері тарапынан шара қолдануда.