2020 жылы 19 мамырда Жамбыл облысында карантиннің жеңілдетудің үшінші кезеңі күшіне енеді.
Бірқатар облыстарда коронавирустық инфекциялар санының күрт өсуіне байланысты, сондай-ақ аймақтағы қазіргі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Жамбыл облысының жедел штабы карантиндік шараларды тек ішінара жеңілдету туралы шешім қабылдады.
Атап айтсақ, мыналардың жұмысына рұқсат етіледі:
— монша кешендерінен тыс шаштараздар мен сұлулық салондары (алдын-ала жазылу бойынша). жұмыс уақыты 10.00-ден 18.00-ге дейін);
— жазғы алаңы бар, ашық аспан астында жұмыс жасайтын қоғамдық тамақтану орындары (сыйымдылығы 30 адамнан аспайтын). 10.00-ден 20.00-ге дейін;
— құрылыс материалдары мен тұрмыстық тауарларды сату базарлары. 7.00-ден 17.00-ге дейін;
— қонақ үйлер.
Сондай-ақ, ертеңнен бастап Тараз қаласы аумағында орналасқан түлектерді ҰБТ-ға дайындау бойынша оқу орталықтарының қызметіне рұқсат етіледі.
Жоғарыда аталған кәсіп түрлерінің жұмысын қалпына келтірудің міндетті шарты санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтау болып табылады. Мұны арнайы мобильді топтар қадағалайтын болады.
Облыс тұрғындарының денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ инфекцияның жоғары қаупіне байланысты қоғамдық көліктер тоқтатылған болатын. Қазіргі кездегі қалыптасып отырған эпидемиялық жағдай маршруттық автобустардың жұмысын қайта жандандыруға мүмкіндік бермеуде. Облыс тұрғындарынан бұған түсіністікпен қарауды сұраймыз.
Аталған жеңілдіктер COVID-19 таралу ошақтары бар Қордай, Байзақ және Жамбыл аудандарынан басқа облыстың барлық аумағында қолданылады.
Облыс пен Тараз қаласының периметрі бойынша автожолдарда, коронавирус ауруы анықталған елді мекендерде карантиндік шаралар алынып тасталғанша блок-посттар өз жұмысын жалғастыратын болады. Тұрғындардың қозғалысы да шектеулі күйінде қала береді.