Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұловтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Марат Сейтбекұлы денсаулық сақтау саласында 2018 жылы атқарған жұмыстар мен 2019 жылға қойылған міндеттер туралы баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.
Ұлт саулығы – мемлекеттің басты байлығы. Елбасы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты кезекті Жолдауында денсаулық сақтау саласына айрықша басымдық бергені белгілі. Әсіресе, медициналық қызмет сапасы халықтың әлеуметтік көңіл-күйінің аса маңызды компоненті болуы қажеттігін баса айтты.
Бүгінгі таңда, халықтың денсаулығын жақсарту мақсатында жасалып жатқан іс-шаралар өте көп. Облыста ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016–2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыттары мен қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін жүйелі жұмыстар атқарылуда. Соның нәтижесінде орташа өмір сүрудің көрсеткіші 5 жыл ішінде 71,1-ден 72,3 жасқа дейін өсті.
Емдеу мекемелеріне 612 бірлік қажетті медициналық техника сатып алуға жергілікті бюджет есебінен 2 147,0 млн. теңге бөлінді. 253,0 млн теңгеге 27 дана автокөлік сатып алынды.
Елбасы Жолдауында айтылғандай, саладағы ең маңызды мәселелердің бірі — медицина мекемелерін цифрландыру болып табылады. Қазіргі уақытта денсаулық сақтау ұйымдары 100 пайызға медициналық ақпараттық жүйемен қамтылған. Облыста 43 мемлекеттік медициналық ұйымда «Elsi Med» және «DamuMed» медициналық ақпараттық жүйесі енгізілді. Қамтылуы — 100%. 2018 жылы 396 медициналық мекеменің интернет желісіне қосылуы — 92 % құрады. Интернет желісі 22 ұйымда қосылмаған.Облыс бойынша 5 260 медициналық қызметкерлердің жұмыс орны бар, қамтылуы — 100% құрайды.
Жергілікті бюджеттен 151,9 млн теңгеге 1013 (қалалық ұйымдарға – 393, аудандық ұйымдарға — 620) компьютер сатып алынып, 100% қамтылды. Халықтың 775 283 электрондық денсаулық паспорттары жасалды. Қамтылуы — 69%. Мобильдік қосымшаларды пайдаланушылардың 59 713 тіркелді. Цифрлық сауаттылықтың 20 посты ашылып, 513 698 адам оқыды.
«Көмек» ақпараттандыру жүйесін ендіру нәтижесінде жедел жәрдем бригадалары арқылы шақыру уақытын бақылау мүмкіндігі де өсіп, көрсеткіштер жақсарды.
Елбасының 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауында айтылғандай, 2019 жылы 1 қаңтардан бастап, алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін ұйым қызметкерлерінің кезең-кезеңімен жалақысын көтеру аясында 2219 учаскелік медицина қызметкері (оның ішінде 683,5 штаттық бірлік дәрігер, 1525 штаттық бірлік мейірбикелер) жаңа технологиялар бойынша оқытылып, 20% үстемақы алады. 349 228,0 мың теңге көлеміндегі қаражат әлеуметтік сақтандыру қоры арқылы төленеді.
Бүгінгі таңда облыс бойынша «Ауруларды басқару бағдарламасы» бойынша оқытылғандар саны — 371 бұл 12,8 пайызды құрап отыр (153 — дәрігер, 218- орта буын мамандары). Бұл 371 маман жаңа технология бойынша оқып сертификаттарын алды. 2019 жылдың 1 қантарынан бұл бағдарлама бойынша оқытылғандарға 20% үстемақы төленуде.
Баяндамамды қорытындылай келе, айтарым, саладағы өткен жұмыстар сараланып, алдағы міндеттер айқындалған. Басқарма тарапынан «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасындағы белгіленген нысаналы индикаторлардың орындалуына, халық денсаулығының жақсара түсуіне басты назар аударылып, барлық мүмкіндіктер пайдаланылатын болады.