Инвестициялық жобаларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолдау және инвесторлар мен бизнестің мемлекеттік билік институттарына деген сенімді арттыру мақсатында Жамбыл облысында 2018-2020 жылдарға арналған «Protecting Business and Investments» жобасы бастама алды.
Жоба Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, сондай-ақ Сыртқы істер және Инвестициялар және даму министрліктері арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында құрылған.
Жобаның мақсаты бизнесті қорғау, қолайлы инвестициялық жағдай жасау және кәсіпкерлер үшін сыбайлас жемқорлық деректері бойынша қысымдарды төмендету болып табылады. Сонымен қатар, жақын арада инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолдау үшін өңірлік деңгейде арнайы фронт — офис ашуды жоспарландығын ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы М.Нәлібаев хабарлады.