Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының «Өңірлік коммуникациялар қызметінде» облыстық сот төрағасының м.а. Нұрмұхаммат Абидов, азаматтық істер жөніндегі сот алқасы төрағасының м.а. Ардақ Әкетаев, облыстық соттың судьясы Ғалым Құлекеевтердің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Спикерлер 2018 жылдың І жартыжылдығындағы сот төрелігін жүзеге асырудың қорытындысы бойынша брифинг өткізді.
Нұрмұхаммат Абидовтың айтуынша, 2018 жылдың 6 айында Жамбыл облысының соттарының қарауына 1116 қылмыстық іс түскен (есепті кезеңнің басында қалдықта қалған 101 істерді қосқанда).
Оның ішінде, үкім шығару арқылы 813 тұлғаға қатысты 722 қылмыстық іс қаралған, 248 тұлғаға қатысты 218 қылмыстық іс қысқартылған.
Барлығы, 780 тұлға сотталған, оның ішінде 190 (24,3%) тұлға бас бостандығынан айырылған, 100 (12,8%) тұлға шартты түрде сотталған, бас бостандығын айырудан басқа да жазаға тартылғандар – 480 (61,5%) тұлға, 65-68 баптарға сәйкес 5 тұлға және рақымшылықпен 5 тұлға жазадан босатылған.
Барлық ақталғандар 33 тұлға (үкім шығарылған 379 тұлғаның ішінен 4,0 % құраған). Алқабилердің қатысуымен іс қаралмаған.
2018 жылдың 6 айында келісілген іс жүргізу тәртібімен 11 тұлғаға қатысты 10 қылмыстық іс қаралған, қысқартылған тәртіппен 344 тұлғаға қатысты 324 қылмыстық іс қаралған. 143 қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылған.(Шу аудандық соты–16 іс; Жуалы–5; Байзақ–4; Меркі–22; Сарысу–1; Жамбыл–9; Мойынқұм–1; Т.Рысқұлов– 4; КТІжМАС–9; Талас–7; Қордай–12; Таразқаласының №2 соты–53 іс).
Бұйрық тәртібінде барлығы 27 іс қаралған, оның ішінде қылмыс бойынша 1 іс және қылмыстық теріс қылық бойынша 26 іс. (Байзак – 3, Кордай – 7, Мерке – 2, Мойынкум – 1, Таразқаласының №2 соты – 10, Шу – 3 іс)
Апелляциялық тәртіппен 1 тұлғаға қатысты 1 үкімнің күші жойылған, 0,1 % құраған, 41 тұлғаға қатысты 41 үкім өзгертілген, 3,8 % құраған:
(Күші жойылғандар:Мойынқұм– 1.)
Өзгертілгендер: Байзақ – 3, Қордай – 10; Шу- 3, Таразқаласының №2 соты – 5; МАҚС – 12; Сарысу– 5; Жамбыл – 1, Талас -1; Меркі – 1.
Жоғарғы Соттың кассациялық сатысында осы уақыт аралығында 1 үкімнің күші жойылған (Қордай а/с) 7 үкім өзгертілген (Жуалы– 1, Меркі– 1, МАҚС – 1, Қордай — 1).
Апелляция мен кассацияның жиынтығын қосқанда, облыс бойынша күші жойылғандар және өзгертілгендер – 16 немесе 3,2 % құраған.
2017 жылдың 6 айында Жамбыл облысыныңсоттарына 1519 қылмыстық іс түскен (есепті кезеңнің басында қалдықта қалған 88 істерді қоса алғанда) Оның ішінде, үкім шығару арқылы 915 тұлғаға қатысты 787 қылмыстық іс қаралған, 548 тұлғаға қатысты 495 қылмыстық іс қысқартылған.
Барлығы, 889 тұлғасотталған, оныңішінде 270 (30,4%) тұлға бас бостандығынан айырылған, 70 (7,9%) тұлға шартты түрде сотталған, бас бостандығын айырудан басқа да жазаға тартылғандар – 490 (55,1%) тұлға, 65-69 баптарға сәйкес, 8 тұлға жазадан босатылған, рақымшылықпен 51 тұлға қылмыстық жазадан босатылған.Барлық ақталғандар 26 тұлға (үкімшығарылған 915 тұлғаныңішінен 2,8 % құраған).
Алқабилердің қатысуымен іс қаралмаған.
2017 жылдың 6 айында келісілген іс жүргізу тәртібімен 72 тұлғаға қатысты 60 қылмыстық іс қаралған, қысқартылған тәртіппен 229 тұлғаға қатысты 198 қылмыстық іс қаралған.
188 қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылған.
(Шу аудандық соты – 39 іс; Жуалы– 7; Байзақ– 33; Меркі – 24; Сарысу– 23; Жамбыл– 4; Мойынқұм–5; Т.Рысқұлов– 6; КТІжМАС – 2; Талас– 9; Қордай– 11; Тараз қаласының №2 соты – 25 іс).
Апелляциялық тәртіппен 3 тұлғаға қатысты 3 үкімнің күші жойылған, 0,2 % құраған, 27 тұлғаға қатысты 27 үкім өзгертілген, 1,8 % құраған:
(Күші жойылғандар: Тараз қаласының №2 соты – 1, Т.Рысқұлов — 1, МАҚС — 1.)
Өзгертілгендер: Т.Рысқұлов — 1, Қордай – 10, Шу- 5, Тараз қаласының №2 соты – 11, МАҚС – 2; Сарысу– 1, Жамбыл – 1, Талас -1, КТІжМАС – 1
Жоғарғы Соттың кассациялық сатысында осы уақыт аралығында 8 үкімнің күші жойылған (Тараз қаласының №2 соты – 2, Қордай- 6) 4 үкім өзгертілген (Тараз қаласының №2 соты – 2, Жамбыл – 1, Шу — 1).
Апелляция мен кассацияның жиынтығын қосқанда, облыс бойынша күші жойылғандар 11 немесе 0,7% және өзгертілгендер – 31 немесе 2,1 % құраған.
Бас бостандығынан айырылған тұлғаларға қатысты мәлімет
Облыс бойынша 30.06.2018 жылға барлығы 780 тұлға сотталған, оның ішінде бас бостандығын айырумен 190 тұлға (24,3 %), оның ішінде аса ауыр қылмыстар бойынша 52 тұлға (100%); ауыр қылмыстар бойынша 107 тұлға (39,0 %); ауырлығы орташа қылмыстар бойынша 10 тұлға (8,2 %) және онша ауыр емес қылмыстар бойынша – 21 тұлға (23,6 %); аса ауыр қылмыстар бойынша қылмыстың қайталануы – 6, ауыр қылмыстар бойынша – 30.
Ауыржәнеасаауырқылмыстар
Ауыр қылмыстар жасаған тұлғалардың саны 347 (39,0%)-дан 274 (35,1%)-ға дейін азайған және де бас бостандығынан айырылған тұлғалардың саны 173-тен 107-ге дейін азайған. Шартты түрде сотталған тұлғалардың саны 116-дан 97-ге дейін азайған.
Сондай ақ, аса ауыр қылмыстар жасаған тұлғалардың саны 68-ден (7,6%) 52-ге (6,7%) дейін азайған.
Айыппұл бойынша мәлімет
2018 жылдың 6 айында сыбайлас жемқорлыққа қатысты 31 тұлға сотталған, оның ішінде 13 тұлғаға қатысты 96 097 000 тенге айыппұл түріндегі жаза тағайындалған, одан 62 520 000 (65,0%) төленген, төленбегені 33 577 000 теңге (34,9%). Төленбеген 18 120 000 теңге айыппұл бойынша үкімдер заңды күшіне енбеген.
2017 жылдың 12 айында сыбайлас жемқорлыққа қатысты 82 тұлға сотталған, оның ішінде 35 тұлғаға қатысты 104 354 200 тенге айыппұл түріндегі жаза тағайындалған, одан 100 854 200 (96,6%), төленген, төленбегені 3 500 000 теңге (3,3%).
Басқа да айыппұлдар бойынша:
Осы жылдың жартыжылдығында облысымыздың соттарымен 127 тұлғаға 142 926 960 теңгеге айыппұл салу жазасы тағайындалған. Одан 94 438 810 (66,1%), төленген, төленбегені 48 007 150 тенге (33,6%). Төленбеген 42 077 525 теңге айыппұл бойынша үкімдер заңды күшіне енбеген.
Соттар бойынша келесідей: Қордай – 24 489 525 теңге; Тараз қаласының №2 соты – 18 830 725 теңге; Мойынқұм – 2 645 500 теңге; Меркі – 1 202 500; Шу – 553 150 теңге; Жамбыл – 120 250 теңге; Сарысу – 60 125 теңге; Талас – 60 125 теңге; Байзақ – 45 250 теңге.
Облыс соттарымен 180 тұлғаға 137 877 692 теңгегеайыппұлсалужазасытағайындалған. Одан 126 026 121 (91,4%), төленген. Төленуге жататыны 8 332 536 (6,0%).
Соттар бойынша келесідей: Қордай – 1 588 300 теңге; Тараз қаласының №2 соты – 605 823 теңге; Шу – 3 556 725 теңге; Меркі – 1 281 985 теңге; Байзақ – 51 753 теңге; Сарысу – 1 247 950 теңге.
Апелляциялық алқада істерді қараудың сапасы
2018 жылдың 6 айында қылмыстық істер жөніндегі сот алқасымен 528 тұлғаға қатысты 448 қылмыстық қаралып, оның ішінде кассациялық сот алқасымен 2 қаулы бұзылып 0,4% және 5 қаулы өзгертілген 1,0%.
2017 жылдың 1 жартыжылдығында қылмыстық істер жөніндегі сот алқасымен 528 тұлғаға қатысты 472 қылмыстық қаралып, оның ішінде кассациялық сот алқасымен 3 қаулы бұзылып 0,6% және 2 қаулы өзгертілген 0,4%.
Облыс соттарымен сайлау, ұзарту, күшін жою және өзгерту туралы бұлтартпау шара өтінішхаттарды қарау туралы
Тергеу судьяларымен 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында қылмыстық істер бойынша 1742 өтінішхаттар мен ұсыныстардан 1724 қаралған.
Бұлтартпау шаралардан күзетпен ұстауды санкциялау барысында 262 материал қаралды, өткен жылмен салыстырғанда 185-ке азайған. Бұлтартпау шарасы ретіндегі күзетпен ұстау 16 өтінімхаттар бойынша қанағаттандырудан бас тарту туралы шешімі қабылданған.
Мүлікті тәркідлеуді санкциялау бойынша 40 ұсыныс қаралды.
Сотқа дейінгі іс жүргізу шешімдерінің заңдылығын және азаматтардың конституциялық құқығын қозғайтын процессуалық іс-әрекет қабылдауда талаптарын сақталуын тексеру тергеу судьялардың алдында мәселе болып қойылған.
Үкімдерді орындау тәртібімен материалды қарау
Есепті кезең барысында облыс соттарымен мерзімінен бұрын босату туралы 423 материал, жазаны неғұрлым жеңіл жаза түрімен 199 және ҚР ҚК-нің 6 бабы тәртібімен сот актілерін қайта қарау бойынша 57 материал қаралған.