Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында Жамбыл ауданының әкімі Бақыт Қазанбасовтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Бақыт Алпысбайұлы ауданның соңғы 9 айда атқарған жұмыстары туралы баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.
Жамбыл ауданының әлеуметтік экономикалық даму көрсеткіштері 9 айдың қорытындысы бойынша:
2018 жылдың 9 айында ауданның жалпы шығарылған өнім көлемі 49 млрд. 193,3 млн. теңгені құрап, 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 122,8%-ды құрады (2017 жылдың 9 айы – 40 млрд. 072,6 млн. теңге).
Ауыл шаруашылығы саласы
Ауданда барлығы 2 390 агроқұрылымдар жұмыс жүргізуде, оның ішінде 3 өндірістік кооператив, 25 ауылшаруашылық кооперативі және 2 362 шаруа қожалықтары бар.
Шығарылған өнім көлемі
2018 жылдың 9 айында ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 21 млрд. 298,4 млн. теңгені немесе 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 109,2%-ды құрады (2017 жылдың 9 айы–19 млрд. 500 млн. теңге). Ал, нақты көлем индексі 107,5%-ға жетті.
— Өсімдік шаруашылығы бойынша 12 млрд. 785 млн. теңгеге өнім өндірілді немесе 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 110,8%-ды құрады (2017 жылдың 9 айы–11 млрд. 540,3 млн.теңге). Нақты көлем индексі 106,3%-ға жетті.
— Мал шаруашылығында өндірілген өнім көлемі 8 млрд. 482,8 млн. теңгені құрады немесе 106,7%-ға орындалды (2017 жылдың 9 айы–7 млрд. 946,4 млн. теңге). Нақты көлем индексі 109,3%-ға жетті.
Осындай жақсы жаңалықтармен және 2019 жылы алға қойылған жоспарларымен бөліседі.