Ол туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаменті басшысының орынбасары Дәурен Каипов облыстық әкімдікте өткен «Жамбыл – адалдық алаңы» атты жобасын іске асыру мәселелері бойынша жиында толығырақ баяндады.
2018 жылғы 5 қазандағы Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына жолдауында «Сыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер» жобалары аясында елорданың жемқорлыққа қарсы тәжірибесін барлық өңірлерде еңгізуді тапсырылған болатын.
Осы орайда, 2018 жылдың 10 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы және Жамбыл облысының әкімі «Жамбыл – адалдық алаңы» жобасының Жарғысына қол қойды.
Жобаның міндеті – Жамбыл облысындағы азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру, жемқорлық деңгейін төмендету және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудың қоғамдық ахуалын қалыптастыру болып табылады.
Жиын барысында «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Даурен Каипов жобаның мақсаты, бағыты және қандай салалар бойынша жұмыс жүргізілетіндігі жайлы баяндама жасады.
Атап айтқанда, Жобалық кеңсе үш сала бойынша: тұрмыстық жемқорлықты жою және қолайлы орта құру;қоғамдық бақылауды жүзеге асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытарымен жұмыс атқарылатындыға тоқтап өтті.
Оның ішінде, тұрмыстық жемқорлықты жою және қолайлы орта құру үшін білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, сәулет, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары салаларының және мемлекеттік кіріс, сот және құқық қорғау органдарының лауазымды тұлғалары қатарынан жобалық жұмыс топтарының құрылғандығын хабардар етті.
Жиын қорытындысында жобалық топ жұмыстарының кезен-кезенімен іске асыру тәртібі (жоспар бойынша), жоғарыда көрсетілген салалардағы проблемал Жиынға мемлекеттік, сот және құқық қорғау органдарының басшылары мен қызметкерлері, жоғарғы оқу орындарының ректорлары, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.арға талдау жүргізу мәселелері талқыға салынды.
Жамбыл облысы бойынша МҚІжСЖҚІД баспасөз қызметі