Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында облыс әкімдігі білім басқармасы басшысының орынбасары Талғат Жамалов, облыстық мәдениет басқармасының қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Спикер «Ризашылық – мейірімділік бұлағы» жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасы туралы баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.
Елімізде 1 наурыз — «Алғыс айту күні» болып 2016 жылдан бастап атап өтілуде. 2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде «Алғыс айту күні» деп жариялап, № 173 Жарлыққа қол қойған болатын. Бұл күн барлық қазақстандықтардың бір-біріне деген мейірімділігінің, достығының және махаббатының жарқын мерекесі.
«Өз тарихыңды есте сақта және мақтан ет»–бұл мерекенің басты негіздемесінің бірі. Ал осы күннің мақсаттарының бірі–өскелең ұрпақтың бойында толеранттылық сезімін, достығын және бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу, сондай-ақ Қазақстандағы ұлтаралық келісімді нығайту.
Алғыс айту күніне арналған «Ризашылық – мейірімділік бұлағы» жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасы Елбасының идеяларын, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бойынша Іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында өткізіледі.
«Жамбыл облысы әкімдігінің Алғыс күніне арналған «Ризашылық-мейірімділік бұлағы» жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасының мерекелік іс-шаралар жоспары» (бұдан әрі-Жоспар) 2019 жылдың 25 қаңтарында Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Б.Орынбековпен бекітіліп, іс-шаралар жүргізілуде.
«Ризашылық–мейірімділік бұлағы» жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасының мақсаты:
-Толеранттылықты тәрбиелеу және әртүрлі халықтардың мәдени дәстүрлерін зерттеу арқылы балалардың, оның ішінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың бойында адамгершілік-рухани қасиеттерді дамыту;
-Жалпы тарих, қазақтардың және барлық этностардың бір-бірін және қазақтарды қолдаудың арқасында бастан кешкен бірлескен қиындықтарды еске алу негізінде көпұлтты Қазақстанның бірлігін сақтау және дамыту.
Жобаның міндеттері:
«Мәңгілік Ел» және «Рухани жаңғыру» құндылықтары негізінде қазақстандық патриотизмді нығайту;
кешірімді болу, мейірімді болу дағдылары мен біліктерін қалыптастыру;
барлық этностар мен қазақ халқының мәдениеті және дәстүрлеріне құрметпен қарау сезімін қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті, ұлтаралық келісімді, түрлі этностар арасындағы достықты нығайту;
балалардың, оның ішінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың шығармашылықтарын дамыту мәселесіне қоғам назарын аударту; салауатты, мәдени, еркін және жауапты тұлғаны дамыту.
Жобаны жүзеге асыру – балалардың, оның ішінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың бойында тұлғааралық және этносаралық қарым-қатынас мәдениетінің білімін, іскерлігін және дағдыларын қалыптастыруға, ұлттары басқа құрдастарына толерантты қарым-қатынас дағдыларын дарытуға мүмкіндік береді.
Жобаның қатысушылары: білім беру ұйымдарының білім алушылары, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған ұйымдардың тәрбиеленушілері.
Аталған Жобаның аясында аудандар мен Тараз қаласында «Қазыналы керуен», «Дәстүр–халқымыздың рухани өзегі», «Қолөнер–тәрбие көзі», «Жүректен–жүрекке», «Халқыма ризамын», «Алғысым шексіз халқыма» шығармашылық фестивальдері; «Өмірге риза болып, алғыс айт!», «Ризашылық марафоны», флешмоб «Ризамын!», қайырымдылық акциялары, арт-акциялары; «Бір Отан–бір отбасы» тақырыптық сағаттар, «Сегодня-День благодарности!» дөңгелек үстел, «Татулықтың тұтқасы-бірліктің бесігі» әдеби марафон және т.б.; «Мен алғыс айтамын!», «Жүрек жылуы», «Әлемге алғыс», «Алғыс айту-парызым», «Мейірімді жүрек–жылы тілек», «Қазақ халқына алғысым шексіз», «Пёстрое царство–земное государство» (халықтардың түрлілігі туралы) фото көрмелер, «Шын жүректен мың алғыс», тақырыптарында іс-шаралар өткізіледі.
Сонымен қатар, өңірлік, республикалық іс-шаралар
1) Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың тәрбиеленушілері арасында «Қазақстан–менің алтын бесігім» Республикалық балалар фестивалі (бұдан әрі – Фестиваль) өткізіледі. Өткізу мерзімі: Алматы қаласы, Оқушылар сарайында, 2019 жылғы 28 ақпан-1 наурыз аралығында өткізіледі.
Фестивальдің номинациялары:
«Татулықтың тұтқасы-бірліктің бесігі» халық билері байқауы;
«Жүрек жылуы» вокалистер байқауы;
«Ризамын халқыма!» музыкалық-театрландырылған қойылымдар байқауы (мюзикл).
2) Жалпы білім беретін мектептердің білім алушылары, оның ішінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың арасында «Ұшқыр ой алаңы» оқушылардың республикалық дебаттық турнирі (бұдан әрі – Турнир) өткізіледі.
Өткізу мерзімі: Алматы қаласы, Оқушылар сарайында 2019 жылғы 24-25 ақпан аралығында өткізіледі.
Аталған жоба дебаттық қозғалыс мүмкіндіктерін кеңейту арқылы білім алушыларды әлеуметтендіру және өзін өзі дамыту міндеттерін шешуге бағытталған. Оқушылар дебатта пікірталас сұрақтарына негізгі тақырыптарды таңдайды – бұл Қазақстан Республикасының тұрақтылығы мен гүлденуі, бұл елдің қарқынды дамуына әрбір азаматтың жеке атсалысуы, қоғам игілігі үшін жұмыс істеу ниеті мен қабілеті, туған елдің игілігі үшін жастардың шығармашылық және ғылыми әлеуетін іске асыру, Қазақстанның дәстүрлерін сақтау және мәдени мұрасын дамыту – осы және басқа сұрақтар ашық дебаттарда талқылануы мүмкін.
3) Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың арасында өткізіледі. «Шексіз шығармашылық» республикалық қашықтықтан өткізілетін байқау (бұдан әрі – Байқау) 2019 жылғы 14-18 ақпан аралығында www.ziatker.org. ғылыми-танымдық сайтта өткізіледі.
Байқау келесі номинациялар бойынша жүргізіледі:
«Қазақстан – менің алтын бесігім» — суреттер байқауы.
«Алтын қолдар» — сәндік-қолданбалы өнер байқауы.
«Қиял-ғажайып әлем» — өз өлкесінің, өз отбасының және т.б. болашағы туралы ертегілер, әңгімелер байқауы.
Аталған Жоба аясындағы іс-шараларға аудандар мен Тараз қаласы білім беру мекемелерінің, оның ішінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар қатысты.
Өңірлік пен облыстық байқаудың жеңімпаздары республикалық байқауға жолдама алды. Олар Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының 8 тәрбиеленушісі: Дорохова Ангелина Сергеевна, Кадырова Мария Игорьевна, Овчинникова Александра Васильевна, Джумагазиева Таня Евгеньевна, Шабаровский Илья Васильевич, Каст Александр Дмитриевич, Мясоедов Андрей Олегович, Котурбаев Данил Ринатович қатысады. Жауапты: Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының директоры А йжан Мейрханова
«Ұшқыр ой алаңы» оқушылардың республикалық дебаттық турниріне №41 №көпсалалы колледжінің оқушылары Ким Виолетта Юрьевна, Павлов Игор Александрович, Молодцов Борис Борисович, №49 мектеп гимназиясының оқушылары Өмірбеков Дархан Ермекұлы, Аманкелді Әнел Жамбылқызы, Мырзатай Інжу Мәлікқызы қатысады. Жатықтырушылары:Шолпан Эркинбекова, Гүлжан Базылова.
Алғыс күніне арналған «Ризашылық-мейірімділік бұлағы» жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасының мерекелік іс-шараларын іске асыру мониторингісі аудандар мен Тараз қаласының білім беру ұйымдары, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған ұйымдары арасында 2019 жылдың 18 ақпаны мен 2 наурыз аралығында жүргізіледі.
Бұл әр өңірде көркем-эстетикалық, зияткерлік бағыттардағы іс-шараларға қатысатын балалардың, оның ішінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың сандық, сапалық құрамын анықтауға мүмкіндік береді.