Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызмтінде өткен брифингте Жамбыл облысы әкімдігі энергетика және тұрғын үй-комуналдық шаруашылық басқармасының оынбасасары Қорғанбаев Құдайберген Нұрсерікұлы айтты. Сіздер білетіндей, Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауындағы басымдықтарының бірі болып елімізде – 1) жаңартылатын энергия үлесін арттыру,2) «жасыл» технологияларға көшу, 3) тұрмыстық қатты қалдықтарды заманауи кәдеге жарату және қайта өңдеу арқылы ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту табылады. Бұл ретте заңнаманы, оның ішінде Экологиялық кодексті өзектендіру экономиканы экологияландыру үшін қолайлы жағдайды жасауға мүмкіндік туғызады.Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясында қазіргі заманғы сын-тегеуріндерінің бірі болып табиғи ресурстардың таусылуы табылады және электр энергетикасында келесі мақсаттар тұр: 2030 жылға қарай баламалы (ірі ГЭС, атом – 20%) және жаңартылатын (10%) энергияның үлесі 30 пайызға дейін жетуі қажет.Жаңартылатын энергетика рыногы облысымызда жыл сайын өсуде, 2017 жылы 304,32 млн.кВт-сағат энергия өндірілді (2016 жылы – 270,55 млн. кВт-сағат).Жаңартылатын энергия көздерінің одан әрі дамуын біз аукциондық механизмге көшуден көреміз. Бұл, бір жағынан, жобалар мен инвесторларды таңдау процесін ашық әрі түсінікті етуге, ал екінші жағынан – жаңартылатын энергия көздері қуаттылығын енгізуден соңғы тұтынушылар тарифтеріне әсерін азайтуға мүмкіндік беретін ең тиімді технологиялар мен жобаларға үміт артуға мүмкіндік береді. Аукциондар өндіру, беру және тұтыну кезінде рынок қатысушылары жауапкершілігі мен ережелерін нақты анықтауға мүмкіндік береді. Бұл жүйе жаңартылатын энергия көздерінің ең экономикалық тиімді жобаларын дамытуға серпін береді.Үстіміздегі жылы алғашқы рет жалпы қуаты 1 гигаватты құрайтын (күн электр станциялары – 290 Мвт, жел электр станциялары – 620 МВт, ГЭС – 75 МВт, БиоЭС – 15 МВт) жаңартылатын энергия көздері жобаларына халықаралық аукциондық сатылымдар өткізіледі. Аукциондық сатылымдар өткізудың кестесі Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында жарияланды. Мемлекет басшысы Жолдауында «жасыл» технологияларды пайдалануда бизнесті ынталандыру қажеттілігін көрсетті.Көптеген халықаралық даму банктері тек «жасыл» жобаларға инвестициялар салу жөнінде шешім қабылдады.Министрлік аталған тапсырманы орындау мақсатында мемлекеттік органдар және қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып «жасыл» жобаларды мемлекеттік қолдау мен «жасыл» қаржыландыруды көздейтін шараларды пысықтау бойынша жұмысты бастады.Көптеген халықаралық даму банктері тек «жасыл» жобаларға инвестициялар салу жөнінде шешім қабылдады.Осыған байланысты, ЭКСПО-ның аумағында құрылып жатқан «Жасыл» технологиялар мен инвестициялық жобаларды дамыту бойынша халықаралық орталығы ең үздік қол жетімді технологиялардың реестрін (тізімді) қалыптастырумен, индустриалды-инновациялық қызмет субъектілеріне жобаларын одан әрі жүзеге асыруға технологияларды пайдалану саласындағы сараптамалық қорытындылар және (немесе) ұсынымдарды берумен айналысатын болады деп сөзін аяқтады спикер.