Бүгін Тараз қаласында «Жыл үздіктері — 2018» атты облыстық спортшыларды марапаттау кеші өтті. Кештің алғысөзін облыс әкімдігінің спорт және дене шынықтыру басқармасының басшысы Нұрбол Жүнісбеков бастады. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Құрметті спорт қызметкері» төсбелгісімен Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Елдос Сметовтың жеке бапкері Жұмағұл Ахмет, самбодан ардагерлер арасында Әлемнің 7 дүркін чемпионы — Алмас Мұсабеков, Қол күрестен ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы — Виталий Трубин, ҚР ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің алғыс хатымен Зульфия Ғабидуллинаға тапсырылды. Жылдың «Үздік спорт журналисті» болып «Ақ жол» газетінің бөлім меңгерушісі Табиғат Абаилдаев, «Үздік тележүргізуші» «Jambyl» телеарнасының тілшісі Риналь Рахматуллин, «Жыл жаңалағы» номинациясы бойынша грек-рим күресінің шебері Дінмұхаммед Қошқар, «Жылдың үздік спортшысы» номинациясы бойынша каратэден Азиаданың екі дүркін чемпионы Гузалия Гафурова, «Жылдың үздік жаттықтырушысы» номинациясы бойынша каратэден еңбек сіңірген жаттықтырушы — Дулат Құсбеков атанып, естелік сыйлықтарға ие болды.
Айта кетерлігі, кешке Жамбылдың майталман спортшылар мен жаттықтырушылар, спорттық функционер, аудандық спорт бөлімдерінің басшылары қатысты.
TURANINFO.KZ