Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 7-8 маусым күндері «Үздік педагог» атағын беру республикалық конкурсының ІІ кезеңі өтті.
Педагогтар мәртебесін көтеру және оны қалың жұртшылық арасында насихаттау мақсатында өткен байқаудың І кезеңіне облыс бойынша аудандық және қалалық білім бөлімдері мен облыстық білім басқармасына қарасты білім мекемелерінен 162 педагог, кәсіптік және техникалық колледждерінен 32 оқытушы қатысса, ІІ кезеңге 10 педагог іріктелді.
Байқаудың қазылар алқасы ұлағатты ұстаздардың портфолиосын және «Мен – қазіргі заманның педагогімін» тақырыбында жазылған эсселерін бағалады. Сонымен қатар, 20 минуттық панорамалық сабақтарын тыңдап, сабақ беру үрдісінде оқушылардың ынтасы мен белсенділік іс-әрекетін жоғары деңгейде ұйымдастыра білу қабілеттерін анықтады. Іріктеу кезеңінен өткен педагогтардың жұмыстары 23 маусымға дейін білім басқармасының сайтында виртуалды дауыс беру арқылы бағаланып, жеңімпаздар байқаудың республикалық кезеңіне жолдама алады.
2012 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан байқауға облыстан ұстаз қатысып, аталған құрметті атақты өңірден 23 педагог иеленген.