BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 354.12 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.73 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.37
Астана:

Қор биржасында теңге тағы да әлсіреді

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда саттық қорытындысы бойынша ұлттық валюта бір доллар үшін 355,12 теңгеге дейін арзандады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Таңертеңгі сессияның қорытындысы бойынша бір доллар 352,9 теңгені құраған болатын. Ал, күндізгі сеесияның қорытындысы бойынша алғашқы келісім 355,05 теңге бағасы бойынша жасалды. Ең төменгі баға бір доллар үшін 353,45 теңгені, ең жоғарғы баға 357,40 тенгені құрады. Жалпы, 102,2 миллион доллар сатылды.

Осы ретте, кurs.kz мәліметтеріне сүйенетін болсақ, айырбастау пунктерінде долларды 352-354,5 теңгеге сатуға және 355,5-358 теңгеге сатып алуға болады. Ал, Brent маркалы мұнайдың бір баррелі Астана уақытымен сағат 15.39 шамасын 80,8 доллардан сатылды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер