BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 361.82 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 423.51 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.5
Астана:

Назарбаев Сыртқы барлау қызметінің жаңа басшысына тапсырма берді

Фото: Ақорда

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының «Сырбар» сыртқы барлау қызметінің басшылық құрамымен кездесті, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы барлау қызметінің ұжымына жаңа директор Сартаев Исатай Бақтиярұлын және директордың бірінші орынбасары Оразов Нұрлан Оразұлын таныстырды.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес И.Б.Сартаев ант қабылдады.

Кездесу соңында Қазақстан Президенті жаңа басшылыққа сыртқы барлау қызметі жұмысының негізгі басымдықтарын белгілеп, бірқатар нақты тапсырма берді.

Еске сала кетсек, Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директорының бірінші орынбасары Исатай Бақтиярұлы Сартаевқа Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директоры міндетін атқару жүктелген болатын.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Ерсайынұлы Шайхутдинов Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы міндетін уақытша атқарудан босатылды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер