Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Мәди Мәтеннің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Мәди Мейірбекұлы басқарманың соңғы 9 айда атқарған жұмысы туралы баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.
Өңірде жастар саясаты «Қазақстан 2020: болашаққа жол» мемлекеттік Тұжырымдамасы аясында іске асырылуда.
Облыста 240 222 жас (қалада- 90 763, ауылдық елді мекенде- 149 459) бар. Жастар жалпы облыс халқының 21,5 пайызын құрайды.
2018 жылы облыста мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға 574,6 млн.теңге (облыстық бюджет- 146,5 млн. теңге, қала/аудан бюджеттерінен- 428,1 млн. теңге) қаржы қаралған. 2017 жылы- 571,5 млн.теңге (облыстық бюджет- 151,8 млн.тг, 44 млн.тг республикалық трансферт, аудан, қала бюджеттерінен- 375,7 млн.тг).
Ағымдағы жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа
64,7 млн. теңгеге 26 бағытта (ЖСМБ- 56,2 млн. теңгеге 10 бағыт, Тараз қаласы мен аудан- 8,5 млн. теңгеге 16 бағыт) әлеуметтік маңызы бар жобалар қаржыландырылды.
2017 жылы 34,5 млн. теңгеге 42 бағытта (ЖСМБ- 21,1 млн. теңге
17 бағыт, Тараз қаласы мен аудан- 13,4 млн. теңге 25 бағыт) әлеуметтік маңызы бар жобалар қаржыландырылды.
Бұл қаржы негізінен жастарды жұмыспен қамту, қиын өмірлік жағдайдағы жастарды әлеуметтендіруге бағытталды.
Жамбыл облысын дамыту (2016-2020 жылға дейінгі) бағдарламасында Жастар саясатына қатысты 2 индикаторлық көрсеткіш белгіленген.
Біріншісі, «Жастардың жалпы санындағы NEET (еш жерде оқымайтын, еш жерде жұмыс істемейтін)» көрсеткішінің облыстық жоспары орындалды (2017 жылы- 10,7).
ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің мәліметіне сәйкес, 2017 жылдың
І тоқсаны- 15,7, ІІ тоқсаны- 14,2, ІІІ тоқсаны- 13,5, ІV тоқсаны- 10,1, жылдық көрсеткіш- 10,7. Республика бойынша көрсеткіш- 7,7 пайыз.
Ағымдағы жылғы ІI тоқсандағы жағдай бойынша бұл көрсеткіш 9,2 пайызды (2017 жылы- 14,2) құрады. Өткен жылдың есепті кезеңінен 5 пайызға төмендеді. Жылдық жоспар- 8,5%.
Екінші көрсеткіш, «Өңір жастарының мемлекеттік жастар саясатына қанағаттану деңгейі» 2017 жылғы жоспарлы
72,0 пайыздық меже әлеуметтік зерттеулердің қорытындысы бойынша 76,6 пайызды құрады.
Облыста жастарды әлеуметтендіруге басымдық танытылуда.
Тиісті уәкілетті атқарушы органдармен және Тараз қаласы мен аудан әкімдері арасында нақты межелер айқындалған 10 индикаторлық көрсеткіштер белгіленді.
Оның ішінде, 6 көрсеткіш өңір жастарын жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартуға бағытталды.
Аталған келісім аясында 12003 жасты (оның ішінде, жастарды ваканттық бос жұмыс орындарына, жастар практикасына, әлеуметтік жұмыс орындарына тарту, кәсіби оқудан өткізуге, кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға және шағын несие алуы қаралған) қамту белгіленген.
Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне 9060 жас жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды.
Оның ішінде 3871-і ваканттық бос жұмыс орындарына орналасса,
1978 түлек жастар тәжірибесіне, 270-і әлеуметтік жұмыс орындарына жолданды. Ал, 1499-ы қысқа мерзімді оқытуға, 303-і кәсіпкерлік негіздеріне оқытылса, 52 жас шағын несие алып, 1086-ы ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылды.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес ІІ тоқсан қорытындысы бойынша жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2,4 пайызды құрады (2017 жылы- 4,3). Өткен жылдың есепті кезеңінен 1,9%-ға төмендеді.
Бұл басқа өңірлер арасындағы төменгі көрсеткіштердің бірі. Республика бойынша көрсеткіш- 3,9 пайыз.
Жамбыл (2,4), Атырау облыстары (2,2)- І орында, Ақтөбе (2,5), Маңғыстау (2,8) Алматы, Солтүстік Қазақстан облыстары (2,9)- ІІ орында, Ақмола, Қостанай облыстары (3,1)- ІІІ орында.
Облыста жүргізілген талдау нәтижесінде жұмыссыз, жұмыссыз ретінде тіркелмеген, еш жерде оқымайтын, өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтыған- 13723 жастың базасы жасақталды.
Айталық, жұмыспен қамту орталықтарына- 2613 жас тіркелсе, оқуын аяқтап (2017-2018 оқу жылы), жұмысқа орналаспағаны- 3821, еш жерде тіркелмеген, еш жерде оқымайтындар — 297, ҰБТ нәтижесі бойынша шекті мәннен өте алмағаны- 503 жас.
Бұл жұмыстарды жүйелендіру мақсатында облыста тиісті уәкілетті органдармен және әкімдіктермен бірлескен іс-қимыл алгоритмі бекітілген.
Одан бөлек, солтүстік өңірлердегі (Солтүстік, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстары) 1044 жұмыс берушіден және облыстағы 578 жұмыс берушіден ұсынылған 4190 ваканттық бос жұмыс орындарына жұмыссыз жастарды тарту бойынша жұмыстар атқарылуда.
Жалпы, есепті кезеңде өңірде 30 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтіп, оған 896 жас тартылды. Нәтижесінде 185 жас жолдамаға ие болды.
Одан бөлек, жастарды ерте бастан кәсіптік даярлауға, мамандық таңдауға бағдарлау мақсатында «Түлектер тақтасы» жобасы іске асырылуда. Бүгінгі күнге облыстағы 298 орта мектепте және 15 арнаулы орта оқу орындарында орнатылды.
Жастарды маусымдық еңбекпен қамту да маңызды.
Биыл республикалық бюджеттен бөлінген 25,3 млн. теңгеге және әлеуметтік тапсырыс бойынша 22,7 млн. теңгеге
1300 түрлі санаттағы жастар «Жасыл ел» еңбек жасақтары сапында еңбек етуде (2017 жылы-700 жас (23,2 млн. тг). Еңбекақысы 40 мың теңге.
(Тараз- 240 (6451,0), Байзақ- 62 (1768,0), Жамбыл- 54 (1573,0), Жуалы- 50 (1661,0), Қордай- 85 (2672,0), Меркі- 81 (2355,0), Мойынқұм- 33 (982,0), Сарысу- 50 (1473,0), Талас- 59 (1729,0), Т.Рысқұлов- 62 (1964,0), Шу- 69 (2672,0).
Сондай-ақ, жоғары және арнаулы орта оқу орындарындағы және жұмыссыз 253 жас (2017 жылы- 145 студент) құрылыс нысандарында маусымдық еңбекпен қамтылды.
Сонымен қатар, басқарма биыл жоғары және арнаулы орта оқу орындарын бітіруші түлектер мен жұмыссыз жастарды мемлекеттік қызметке дайындау мақсатында «Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі» жұмысын бастады.
Аталған мектепке 200-ден астам жас өтінім білдірді. Алғашқы лекте 25 жас 1 апталық оқу курсын аяқтап, сертификатқа ие болды. 16 сағат теория мен 24 сағат тағылымдама.
Өңірде жастардың кәсіпкерлігін шыңдауға тиісінше мән берілуде.
Облыста Білім және ғылым министрлігі мен Дүниежүзілік банктің бірлескен «Zhas Projeсt» жастар корпусын дамыту жобасы іске асырылуда.
Облыс жастарынан 555 (ШҚО- 473, Ақтөбе- 394, Қостанай- 395,
СҚО- 198, Қызылорда- 671) жоба ұсынылып, 222 жоба қолдау тапты. Нәтижесінде өңірге 435 млн. теңге инвестиция тартылды. (219,2 млн. теңге қайтарымсыз грант, 216,1 млн. теңге шәкіртақы).
Жалпы, жеңімпаз атанған 222 жобаның 77-і облыс орталығынан болса, қалған 145-і аудандар мен ауылдық елді мекендерден. Жоба аясында өңірдің 762 жасы жұмыспен қамтылады, оның 33-і мүмкіндігі шектеулі азаматтар.
Бүгінде жобаның жеңімпаздары 50 пайыз (1-ші транш) қаржыларын алып кәсіптерін бастады.
Ал, жоба қатысушылары шәкіртақыларын қазан айының алғашқы 10 күндігінде алатын болады.
Сонымен қатар, жастардың бизнес бастамаларын несиелендіру бойынша Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қорымен келісе отырып, 78 жасты несиелендіру жұмыстары жүруде. Бүгінде олардың 21 қолдау тапты, қалғандары құжаттарын жинақтауда.
Сондай-ақ, Кәсіпкерлер палатасымен бірлесе 700 жасты Бизнес бастау жобасына оқыту жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде- 374 жас оқыды. 2017 жылы 263 жас оқыған.
Одан бөлек, басқарма мен М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің жанынан ашылған «Инновация және кәсіпкерлік орталығы» арасындағы меморандумға сәйкес, облыстағы жастардың инновациялық-кәсіпкерлік біліктіліктерін арттыру мақсатында оқыту курстар мен семинар-тренингтер өткізу жоспарлануда.
Жастарды түрлі салалар аясында ақпараттандырудың да маңызы зор.
Үстіміздегі жылы Басқарманың ұйымдастыруымен ақпараттық автокеруені барлық аудан орталықтары мен елді-мекендерінде болып, «Кеңес беру алаңдарын» ұйымдастырды.
Кеңес беру алаңдарында 10-нан астам саланың 20-ға жуық өкілдері тұрғындар мен барлық санаттағы жастарға кеңестер берді. Жалпы аталған автокеруен 20 елді мекенде болып, 7 мыңға жуық (6820) жастар қамтылды.
Білім беру- 1380, дін- 300, кәсіпкерлік саласы бойынша- 1176, құқықтық- 488, ауыл шаруашылығы- 426, жұмыспен қамту- 314, тұрғын үй- 496, денсаулық сақтау- 521, спорт- 512, жастар ұйымдары- 391, «Zhasproject» жобасы- 816 және т.с.с салалар қамтылды.
Бүгінгі таңда облыстағы 12 (1 облыстық, 1 қалалық және
10 аудандық) «Жастар ресурстық орталықтарында» жалпы саны 371 (2017 жылы- 273) маман қызмет атқарады.
Белгіленген межеге сәйкес, аудандық және қалалық «Жастар ресурстық орталықтары» тарапынан 11 674 жасқа (2018 жылдың І жартыжылдығында- 9494) кеңес беріліп, меже 123% пайызға орындалды (2017 жылы- 9979).
Ресурстық орталықтардың басты міндеттерінің
бірі- жастарға кеңес беру, ақпараттық-әдістемелік қолдау көрсету болса, талдау көрсеткендей, жергілікті мамандар бұл жұмыстардың үдесінен толыққанды шыға алмауда. Яғни, мамандардың біліктілігін көтеру өзекті болып отыр.
Осы орайда, басқарма тарапынан барлық 12 Ресурстық орталықта қызмет атқаратын, тікелей жастармен жұмыс жүргізуге жауапты 242 маманның 208-і тестілеуден өтті.
Нәтижесінде мамандардың біліктілік деңгейі орташа 58,2 пайызды (жалпы ортақ бағасы- 3) көрсетті.
Облыстық ЖРО- 82,8%, Т.Рысқұлов- 66,3%, Меркі-62%, Жамбыл- 60,6%,
Шу- 59,7%, Байзақ- 57,4%, Талас- 56%, Қордай- 55,6%, Жуалы- 54,7%,
Сарысу- 50,4%, Тараз- 49,5%, Мойынқұм- 44,3%
Жастар ресурстық орталықтарының жұмысын жетілдіру және өзара тығыз байланысты нығайту мақсатында облыстық іс-қимыл жоспары әзірленуде.
Жалпы жыл басынан бері басқарма тарапынан жастар арасында түрлі салаларды қамтыған 70-ке жуық көпшілік шаралар өткізіліп, оған 50 мыңнан астам облыс жастары қатысты.
«Наурыз FEST» атты фестиваль, «Жайнасын туған өлкеміз!» атты акция, «Рухани жаңғыруға сенімді қадаммен» атты облыстық жас пікірсайысшылар турнирі, «Мәңгілік ел Қазақстан» өзге ұлт жастары арасында байқау, «Қуатты әскер-қуатты мемлекет» атты жастар акциясы, «Жас сарбаз» әскери-спорттық ойындары, «Елбасы жолдауы-жаңғырудың жаңа кезеңі» атты ақпараттық автокеруен, «Өмір жастар көзімен» атты фотокросс, «Тараз аруы-2018» атты облыстық арулар байқауы, «Аңыз қала» квест ойыны, «Біздің ағаш» және «Сиқырлы ағаш» атты ярнбомбинг, облыстық «Дельфилік» ойындар, «Домбыра Думан» атты күй пати, «Кәсіби қызметкер-кәсіби мемлекет» атты байқау, облыстық «Профи-2018» байқауы, «Тарихқа тағзым» атты облыстың және Оңтүстік Қазақстан облысының тарихи-мәдени орындарына экскурсия, «Ел жүрегі-Астана» атты акция, еңбек жастарының арасында кіші футболдан турнир, жастардың түрлі санаттарын оқыту семинары, «Профи-2018» байқауы, «Жігіт сұлтаны-2018» байқауы, әлеуметтік роликтер байқауы, жастар лагері және т.с.с түрлі бағыттағы кездесулер, акциялар сынды шаралар өтті.
Тараз қалалық және аудандық «Жастар ресурстық орталықтарының» ұйытқы болуымен осындай сипаттағы 2 мыңнан (2722) астам шаралар ұйымдастырылды.
Патриоттық- 546, әртүрлі тақырыптағы кездесулер- 450, мәдени- 405, діни- 448, спорттық- 497, құқықтық- 333
Осы ретте, бірізді, біртұрпатты шараларды жастардың қажеттілігін ескере отырып, маңызы бар шаралар форматына алмастыруға ден қойылуда.
Келесі өзекті мәселенің бірі-жастар бас қосатын
мәдени-спорттық нысандар желісін ұлғайту.
Бұл бағытта мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетіктерін белсенді пайдалана отырып, жастардың бос уақытын ұйымдастыру жөніндегі 2017-2020 жылдарға арналған» облыстық жоспары бекітілген. Оған 131 тармақ
(2017 жылы- 55 жоба, 2018 жылы- 34, 2019 жылы- 28, 2020 жылы- 14) енген. Бүгінде 57 жоба іске асты.
Одан бөлек, «Нұр Отан» партиясының бастамашыл жобалары аясындағы «Коворкинг» (ағылшын тілінен аударғанда- бірге жұмыс жасау дегенді білдіреді) орталықтарын атап өтуге болады.
Бүгінгі күнде «Коворкинг» орталықтар Тараз қаласы мен Жуалы, Талас, Жамбыл, Т.Рысқұлов, Меркі аудандарындағы мәдениет үйлері мен кітапханаларда жастарға қызмет етуде. Бұл орталықтарда жастар бос уақыттарын тиімді өткізумен қатар, кітап оқып, шахмат, тоғызқұмалақ сынды ойындарды да ойнайды. Жыл соңына дейін Қордай, Сарысу, Мойынқұм аудандарында осындай орталықтар пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.